11.11.2021, 20:07 78462

Таразда COVID-19 антигенін анықтауға арналған экспресс-тест өндірісі іске қосылды

Мамин Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында медициналық бұйымдар өндірісі бойынша "Әмір және Д" ЖШС-на барды.
Таразда COVID-19 антигенін анықтауға арналған экспресс-тест өндірісі іске қосылды
Сурет: primeminister.kz
ТАРАЗ. 11 ҚАРАША - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында медициналық бұйымдар өндірісі бойынша "Әмір және Д" ЖШС-на барды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Биылғы қазан айында кәсіпорын COVID-19 антигенін анықтайтын экспресс-тесттер шығара бастады.
 

Мұнда инфекциялық ауруларды, кардиологиялық маркерлерді, есірткі заттарын, аллергендерді және т.б. диагностикалау үшін 200-ден астам экспресс-тест атауын шығару жоспарлануда. Өндірістік қуаты жылына 15 млн экспресс-тест пен 1,5 млн бақылау ерітіндісін құрайды", - деді ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінде.

 
Сондай-ақ, Үкімет басшысы Шу ауданындағы "Тараз химиялық паркі" арнайы экономикалық аймағында болды. Үкімет басшысына химия және азық-түлік өнеркәсібіндегі жалпы сомасы 143,3 млрд теңге болатын перспективалы инвестициялық жобалар таныстырылды.
 
Қуаты жылына 25 мың тонна натрий цианидін өндіру жөніндегі жобаны 2023 жылдың соңына дейін аяқтау көзделген. Кәсіпорын өнімі ҚР-ның ішкі қажеттіліктерін толық қамтамасыз етеді, сондай-ақ Орталық Азия мен ЕАЭО елдеріне экспортталатын болады. 
 
Қазақстанның АӨК саласындағы ірі жобаларының бірі – жылына 148,8 мың тонна ақ қант шығаратын қант зауытының салынуы. Оны 2023 жылы пайдалануға беру жоспарланған. Жоба толығымен өз шикізатымен қамтамасыз етіледі.
 
Үкімет баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 2021 жылдың 10 айында Жамбыл облысында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 491,1 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5%-ға артық. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 377,5 млрд теңгеге жетті (+0,1%). Негізгі капиталға салынған инвестициялар өсімі 11,1%-ды құрады. Құрылыс көлемі 7,3%-ға өсті, өңірде 535,9 мың шаршы метр (+16,4%) тұрғын үй пайдалануға берілді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны