29.07.2024, 13:10 120251
"Таза Қазақстан" акциясы аясында Астанадан 5 тоннадан аса қоқыс шығарылды
Достарға айту
Астана - тазалық пен тәртіптің үлгісі" ауқымды экологиялық акциясы жалғасып жатыр. "Таза Қазақстан" жалпыұлттық бастамасы аясында су қоймасын қоқыс пен қалдықтардан тазарту бойынша сенбілік өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Экологиялық акция Байқоңыр ауданында, Қоянды су қоймасының аумағында өтті, оған 100-ден астам адам қатысты.
"Таза Қазақстан". Астана - тазалық пен тәртіптің үлгісі" акциясы Байқоңыр ауданында белсенді түрде жалғасуда. Акцияға ҚР ПІБ әкімшілік ғимараттар дирекциясының қызметкерлері, еңбек ұжымдары, жастар және аудан тұрғындары қатысты", - деді Байқоңыр ауданы әкімі аппаратының абаттандыру бөлімінің бас маманы Айбек Ашуов.
Акция қоқысты жинаумен шектелмейді, сондай-ақ халықтың экомәдениеті мен мінез-құлқын қалыптастыруға, жаңа экологиялық әдеттерді сіңіруге мүмкіндік береді.
Экоакция нәтижесінде аудан аумағынан 5 тонна қоқыс шығарылды. Тазалауға тиегіштер мен самосвалдар сынды 5 түрлі арнайы техника жұмылдырылды.
"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында біз Қоянды су қоймасының аумағында сенбілік өткіздік. Бұл іс-шара қоғамдық кеңістіктерді тазартуға және абаттандыруға көмектеседі, оларды өмір сүру үшін тартымды және жайлы етеді. Таза және ұқыпты аумақтар санитарлық жағдайды жақсартуға ықпал етеді, бұл тұрғындардың денсаулығына оң әсер етеді. Сенбіліктер - бұл тазалық пен тәртіпке қосқан үлесі ғана емес, сонымен қатар белсенді азаматтық ұстаным таныту мүмкіндігі", - деп бөлісті су нысандары және қалдықтар бөлімінің маманы Әсел Сапбаева.
Айта кетейік, "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы жалғасуда.
Ауқымды экоакция шеңберінде қаланы санитарлық тазарту, нөсер және арық кәріздерін тазарту, көшелерді, тротуарларды, орамішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ жасыл желектерді күтіп ұстау және отырғызу, сауда нысандарына іргелес аумақтарды жинау, көгалдар мен гүлзарларды орнату жұмыстары жүргізілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
15.01.2025, 14:20 191
Алматыда бос жатқан аумақта мұз айдыны бар жаңа сквер ашылды
Достарға айту
Түрксіб ауданының "Жас Қанат" шағын ауданында қараусыз қалған аумақ жайлы қоғамдық кеңістікке айналды. Жоба "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы аясында жүзеге асырылды, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Сквер аумағында кешенді жұмыстар жүргізілді: асфальт пен кеспе тас төселді, көшеге жарықтандыру элементтері, автоматты суару жүйелері, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылды. Сонымен қатар, автотұрақ орындары жабдықталып, арық жүйесі жүргізілді. Алдағы маусымда жас көшеттер отырғызу жоспарланып отыр, бұл скверді одан әрі жасыл желекке айналдырып, жайлы ете түседі.
Жаңа кеңістіктің басты ерекшелігі - ауданы 450 м² болатын мұз айдыны. Жаз мезгілінде ол ролик тебуге арналған алаңға айналмақ. Мұз айдыны жергілікті тұрғындардың, әсіресе балалардың көңілінен шықты. Олар бұл жерде уақытын қызықты өткізуде.
Маған сабақтан кейін осында келіп, сырғанау қатты ұнайды. Үйіме жақын жерде мұз айдыны болса екен деп көптен армандаған едім. Қазір мен мәнерлеп сырғанаудың кейбір элементін үйреніп алдым, тіпті артқа сырғанай аламын. Қазір достарыммен бірге жаңа элементтерді: айналу мен спиральды үйреніп жүрміз. Кешке келсеңіз керемет, гирляндалар жанып тұрады, бәрі өте әдемі әрі ерекше атмосфера береді", - деді "Жас Қанат" шағын ауданының тұрғыны Арман Батыров.
Түрксіб ауданында "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы аясында жалпы 40 көркейту жобасы жоспарланған. Бағдарламаның тиімділігін және тұрғындардың белсенділігін ескере отырып, 2024 жылы Алматы әкімі Ерболат Досаев қаржыландыруды 18,8 млрд теңгеге дейін арттырды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 5,8 млрд теңгеге көп. Осылайша, алматылықтарға аулаларды, қоғамдық кеңістіктерді, спорт және балалар алаңдарын құруға арналған 364 жобаны ұсыну мен жүзеге асыру мүмкіндігі берілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.01.2025, 12:07 16406
Әуезов атындағы Қазақ ұлттық академиялық драма театрының құрылғанына 99 жыл толды
Достарға айту
Бүгін, 13 қаңтар, қазақ өнерінің қара шаңырағы - Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық академиялық драма театрының құрылғанына 99 жыл толды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.
Театр 1926 жылы Қ. Кемеңгерұлының "Алтын сақина" пьесасымен шымылдығын ашты.
Ұлт театры тарихының бастауы болған "Алтын сақина" пьесасы - қазақ драматургиясындағы алғашқы реалистік туындылардың бірі. Шығармада қазақ қоғамындағы әлеуметтік теңсіздік, әйелдердің құқықсыздығы, ескі салт-дәстүрлердің зардаптары суреттеледі.
2024 жыл театр үшін маңызды оқиғаларға толы болды:
- 16 қыркүйек театр өзінің 99-шы маусымын Ғабит Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш-Баян Сұлу" спектаклімен бастады.
- 9-14 қазанда Қостанай қаласында гастрольдік сапар ұйымдастырылды.
- Театр алғаш рет Өзбекстанның Ташкент және Нүкіс қалаларында өнер көрсетті.
- 4-7 желтоқсанда Бішкек қаласында "Қыз Жібек", "Қоштасқым келмейді", "Қорқыттың көрі", "Мәңгілік бала бейне" қойылымдары көрермен назарына ұсынылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен театр ғимараты толығымен қайта жөндеуден өтуде. Бұл жұмыстарды театрдың 100 жылдық мерейтойына, 2026 жылға орай аяқтау жоспарланған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.01.2025, 12:03 16631
Алматыда халықтың әлеуметтік осал санаттарына 17 көмек түрі көрсетіледі
Достарға айту
Алматыда халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау үшін әлеуметтік көмектің 17 түрі қарастырылған, деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Олардың ішінде-атаулы әлеуметтік көмек (АӘК); тұрғын үй көмегі; ҰОС ардагерлеріне және азаматтардың басқа да санаттарына әлеуметтік көмек; коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне байланысты әлеуметтік көмек; мүгедек балаларды үйде оқытқаны үшін шығындарды өтеу; атаулы күндер мен мереке күндеріне төлемдер және өзге де біржолғы әлеуметтік төлемдер.
Мәселен, 2024 жылы АӘК жалпы сомасы 1,6 млрд теңгеге 14,8 мың адамды қамтыды. Тұрғын үй көмегі 741 азаматқа 17,3 млн теңге сомасында берілді. Коммуналдық қызметтер тарифтерінің өсуіне байланысты азаматтарды қолдау жеке бағыт болды. "Инвестицияларға айырбастау тарифі" бағдарламасы аясында халықтың әлеуметтік осал топтарының ішінен 141 мыңнан астам адам ай сайын 0,8 АЕК мөлшерінде төлем алды, бұл 4 млрд теңгеден астам соманы құрады.
Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік жәрдемақылар мен базалық зейнетақының барлық түрлерінің мөлшері 6,5%- ға ұлғайтылды, сондай-ақ көмектің жаңа түрлері енгізілуде. Мысалы, басқа мемлекеттердің аумағындағы әскери іс қимылдардың ардагерлері үшін Ауғанстаннан әскерлерді шығару күніне 100 мың теңгеден жаңа төлем енгізілді.
Айта кету керек, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау Алматы әкімдігі жұмысының басым бағыттарының бірі болып табылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.01.2025, 17:15 37576
Жетісу облысында шамамен 66 елді мекен 2026 жылы газбен қамтылады
Достарға айту
Жетісу облысында шамамен 66 елді мекен 2026 жылы газбен қамтылады, деп хабарлайды "Самұрық-Қазына" АҚ баспасөз қызметінен.
Бұл мақсатта QazaqGaz "Талдықорған-Үшарал" магистральді газ құбырын салу жөніндегі "Самұрық-Қазынаның" инвестициялық жобасын белгіленген кестеден ерте жүзеге асыруда.
Газ құбырының жалпы ұзындығы - 302,4 шақырым. Сондай-ақ, алты газ құбыры тармағы мен алты автоматтандырылған газ тарату станциясын салу көзделген.
Жаңа магистральді газ құбыры Жетісу облысындағы газбен қамтамасыз етудің сенімділігін арттырады. 2026 жылы жоба аяқталған соң аймақтағы газдандыру деңгейі 90%-ға жетуі тиіс.
Қазіргі уақытта 302 шақырым құбыр (99,9%) жеткізіліп, 203 км құбыр (67%) дәнекерленген, 155 км траншея (51%) қазылып, оған 133,2 шақырым құбыр (44%) төселген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.01.2025, 17:01 37801
Елордалық еріктілер ардагерлер ауласының қарын күреу акциясын өткізіп жатыр
Іс-шараны "Астана жастары" жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.
Достарға айту
Астанада қалың қардың жаууына байланысты қар күреу жұмысы тәулік бойы ауысыммен жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, жастар халықтың әлеуметтік осал санатындағы ардагерлер мен мұқтаж азаматтарға белсенді түрде көмектесіп, ауласының қарын күреуге атсалысып жатыр, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шараны "Астана жастары" жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.
Елорданың 10-ға жуық волонтері жалғыз тұратын ардагерлерге үйлері мен аулаларын тазалауға, ауласын қардан күреуге көмектесті.
Бүгін біз, "Астана Жастары" еріктілері, жалғызбасты зейнеткердің ауласын қардан тазарту үшін кезекті "Игі істер марафонына" жиналдық. Айта кетерлігі, елордалық қарияның ауласын екі жылдан бері тазалауға көмектесіп келеміз. Қарттарымыз еркін жүріп, таза ауада серуендеуі үшін ауласының қарын күреу маңызды", - дейді белсенді волонтер Давид Шарипов.
Ауланы қардан күреу қарт кісілер үшін оңай шаруа емес, сондықтан мұндай көмекке олар қашанда дән риза.
Биыл біз елордадағы қарт кісілердің ауласының қарын күреу науқанын Жеңістің 80 жылдығына орайластырып отырмыз. Сондықтан да биыл ардагерлер мен қарт кісілерге көбірек көңіл бөліп, ауласының қарын тазалауға көмектесіп қана қоймай, шағын сыйлықтар әкеліп, әңгімелесіп, ақбатасын алдық. Бұл науқанның ары қарай да жалғасатынын атап өткіміз келеді", - дейді "Астана Жастары" волонтерлік қозғалысты дамыту бөлімінің маманы Дана Тәкенова.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.01.2025, 17:00 38001
Астанада кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Достарға айту
Астанада 11-12 қаңтарда кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Жәрмеңкеде Қазақстанның түрлі өңірлерінен - Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері тікелей ұсынылатын болады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жемістерді, ет, ұн, сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдерді, табиғи шырындарды және т.б. сатып ала алады.
Іс-шара Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайы бойынша "Koktal" сауда-ойын-сауық орталығында өтеді.
Жәрмеңке әр демалыс күндері сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.01.2025, 17:11 69546
Алматыда 2025 жылы қай жолайырықты салу мен көшелерді ұзарту аяқталады
Достарға айту
Алматы қалалық мобильділік басқармасының мәліметінше, биыл қалада Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы жолайырықтың құрылысы, сондай-ақ Саин көшесін Рысқұлов даңғылынан Ақын Сара көшесіне дейін және Абай даңғылын қаланың шекарасына дейін ұзарту жұмыстары аяқталады, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Мамыр айында Абай даңғылын Б.Момышұлы көшесінен қаланың шекарасына дейін ұзарту жобасы іске қосылады. Ұзындығы 5,3 км болатын бұл алты жолақты жолдың екі жағында да веложолдар мен жаяу жүргіншілер жолдары қарастырылған.
Жазда Саин көшесін Рысқұлов даңғылынан Ақын Сара көшесіне дейін ұзарту жұмыстары аяқталады. Ұзындығы 3,2 км болатын бұл жолдың арқасында Момышұлы көшесіндегі көлік жүктемесі 40%-ға төмендейді.
Маусым айында Жансүгіров көшесі мен Сейфуллин даңғылының қиылысындағы жолайырықтың құрылысын және оған іргелес аумақты көркейту жұмыстарын толық аяқтау жоспарланып отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
31.12.2024, 18:11 109781
Астанада жаңа жылдық мереке күндері қоғамдық көлік қалай жүреді
Достарға айту
Жылдың соңғы күні 31 желтоқсанда Астананың қоғамдық көлігі штаттық режимде жүретін болады. 1 қаңтарда кейбір өзгерістер болады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі CTS-ке сілтеме жасай отырып.
31 желтоқсанда қоғамдық көлік жұмысы өзгеріссіз, бекітілген кестеге сәйкес жүреді.
Мереке күндері қала және қала маңы бағдарлары демалыс күнінің кестесіне сәйкес (06:00 - 23:00) жүреді;
1 қаңтар күні сағат 10:00-ге дейін қалалық бағдарлар бір рейс өткізіп жүреді. Сағат 10:00-ден кейін бекітілген кестеге сәйкес жүреді, ал экспресс және қала маңы бағдарлары кестеге сәйкес жүреді.
2-4 қаңтар демалыс күнінің кестесі бойынша өзгеріссіз;
5-6 қаңтарда қала және қала маңы бағдарлары жұмыс күнінің кестесіне сәйкес жүреді.
7 қаңтарда демалыс күнінің кестесі бойынша жүреді.
Келесі күндері қоғамдық көлік қолданыстағы кестеге сәйкес (апта күніне орай) штаттық режимде жүреді.
Сапарларыңызды жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруді сұраймыз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
15.01.2025, 13:42Жамбыл облысында оқушы өлімі: үш оқушыға үкім шығарылды 15.01.2025, 13:49 5762024 жылы мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 1,1 млн астам қызмет алды15.01.2025, 14:05 361Жұмысшы мамандықтары жылы: Ақмола облысы дуальды оқыту арқылы мамандар даярлауда15.01.2025, 11:38 306Алматы - Өскемен автожолында әскери техниканың қатысуымен орын алған жол-көлік оқиғасы орын алды15.01.2025, 13:55 291"Болашақтың ойындары" турнирін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі Дирекция құрылды
09.01.2025, 16:58 120731Алматыда жедел жәрдем автопаркі 48 жаңа көлікпен толықты09.01.2025, 17:13 1205662024 жылы Отбасының цифрлық картасы арқылы 263 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді10.01.2025, 16:10 994362024 жылы Skills Enbek платформасында 108 мыңға жуық қазақстандық оқыды10.01.2025, 15:46 914662025 жылдан бастап мемлекеттік сатып алуда қандай өзгерістер күшіне енді10.01.2025, 15:57 91326Елімізде 9 автокөлік өткізу пункті жаңғыртылуда
30.12.2024, 17:17 152466Алматыдағы қонақ үй бизнесінің дамуы: қорытынды мен болашақ31.12.2024, 18:33 146591Qazaq Air әуекомпаниясын вьетнамдық инвесторлар сатып алды31.12.2024, 18:31 146301Ақмола облысы бойынша "Қазсушар" филиалы Сілеті су қоймасының тозған механизмдерін ауыстыру жұмысын аяқтады31.12.2024, 18:20 145831Жамбыл облысында полиция бөлімінің заманауи ғимараты ашылды31.12.2024, 18:17 135741Жаңа жыл мерекесі қарсаңында полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері күшейтілген қызмет режиміне көшті