30.09.2021, 20:44 38871

Тек қоғамдық резонанс кейбір шенеуніктерді қоғамның экология жағдайына қатысты алаңдаушылығын естуге мәжбүр етеді - Нығматулин

НҰР-СҰЛТАН. 30 ҚЫРКҮЙЕК - Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин азаматтық қоғамның қоршаған ортаны қорғауға қатысуының ашық тетіктерінің қажеттігіне назар аударды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Бүгін жалпы отырыста депутаттар "Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға Каспий теңізін жерүсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде ластанудан қорғау жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады. 
 
Хаттаманың мақсаты - Каспий теңізінің жерүсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде ластануын болғызбау, азайту, бақылау және барынша мүмкін болатын жою болып табылады. 
 
Осыған орай, депутаттар Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне халықтың Каспий теңізін қорғау жөніндегі іс-шараларға қатысу тетіктері туралы мәселені қойды. 
 
Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттарында көрсетілген барлық экологиялық міндеттемелері бойынша толық және сенімді ақпарат қоғамның Каспий теңізін қорғауға да, жалпы қоршаған ортаны қорғауға да қатысуы үшін басты шарт болып табылады. 
 

Азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуының қарапайым әрі ашық тетіктерін қамтамасыз ету керек. Қоғамдық резонанс (қандай да бір төтенше оқиға) кейбір шенеуніктерді қоғамның экология жағдайына қатысты алаңдаушылығын естуге мәжбүр еткен кезде ғана практиканы тоқтату керек. Тек экологияға ғана қатысты емес", - деді Нұрлан Нығматулин.

 
Палата Спикері бұл қоғамның Каспий теңізін қорғауға да, жалпы қоршаған ортаны қорғауға да қатысуының басты шарты екенін айтты. 
 
Жалпы алғанда, Хаттамада ластану көздерін бақылау жөніндегі шараларға негізделген өңірлік және ұлттық бағдарламаларды немесе іс-қимыл жоспарларын қабылдау көзделеді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны