11.01.2023, 13:06 51861

Теміртау ЖЭО-2-ге қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді

Тексеру барысында анықталған бұзушылықтарды жою туралы тиісті нұсқама берілді
Теміртау ЖЭО-2-ге қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді
Сурет: Depositphotos
Теміртау. 11 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Теміртау ЖЭО-2-ге қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді, оның қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаментіне Теміртау қаласының әкімдігі ағымдағы жылыту маусымы басталғаннан бері тіркелген "Арселор Миттал Теміртау" АҚ ЖЭО-2 бойынша жылу желілері жұмысының температуралық кестесін сақтамау жағдайларына байланысты жүгінді.

Осы факт бойынша 2022 жылғы 28 желтоқсаннан 2023 жылғы 09 қаңтарға дейін Департамент электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының сақталуына жоспардан тыс тексеру жүргізді", - деп хабарлады баспасөз қызметі.


Тексеру қорытындысы бойынша 2023 жылғы 10 қаңтарда тексеру барысында анықталған бұзушылықтарды жою, атап айтқанда, Теміртау қаласының тұтынушыларын сенімді жылумен қамтамасыз ету үшін күл ұстайтын қондырғыларды жөндеу және бу қазандықтарының өнімділігін арттыру бойынша тиісті нұсқама берілді.

Бұған дейін Қарағандыда ЖЭО-1 маңында ірі апат болғаны хабарланған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны