12.04.2021, 22:10 9077

Тоқаев қазақстандық жолдардың сапасын сынға алды: мердігерлерге 1 маусымға дейін ақауларды жою тапсырылды

НҰР-СҰЛТАН. 12 СӘУІР - Ағымдағы жылдың 12 сәуірінде "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-да республикалық маңызы бар автомобиль жолдары құрылысының сапасын жақсарту және жөндеу мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық жолдардың сапасын түзету туралы тапсырмасын ескере отырып, мердігерлік ұйымдардың жауапкершілігін арттыру, республикалық маңызы бар автожолдардың сапасын жақсарту мақсатында авторлық және техникалық қадағалауды күшейту туралы болды", - деді ұйымның баспасөз қызметінде.

 
 "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы Ұлан Әліпов кеңеске қатысушыларға арнаған сөзінде Президенттің сыны әділ екенін атап өтті.
 

Егер азаматтардың шағымдары болса, онда біздің жұмысымызда қысқа мерзімде түзетілуі тиіс кемшіліктер бар. Адамдар жол сұрады. Оны адами және сапалы түрде жасайық", - деп атап өтті Ұлан Әліпов.

 
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мақсатында мердігер ұйымдар басшыларының назарына "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлігінде жүргізіп жатқан жұмысы туралы ақпарат жеткізілді (автожол саласын цифрландыру, орындалған жұмыстарды қабылдау процесіне жұртшылықты тарту, сайтқа интерактивті карталарды орналастыру және т.б.).
 
Жұмыс кездесуінің қорытындысы бойынша "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы Ұлан Әліпов мердігерлік ұйымдардың басшыларына, авторлық және техникалық қадағалау өкілдеріне автожолдарды салу мен жөндеуде қолданылатын барлық материалдардың кіру бақылауын тұрақты түрде қатаң бақылауға алуды, техникалық қадағалау объектілеріне тұрақты түрде қатысуды, әрбір технологиялық процесті қадағалауды, сондай-ақ орындалған жұмыстардың бекітілген жобалау-сметалық және нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкестігін бақылауды тапсырды.
 
Өз кезегінде, мердігерлік ұйымдарға орта буын мамандарының, атап айтқанда технологиялық процестерді орындауға қатысатын мамандардың жауапкершілігін күшейту бойынша шаралар қабылдау, сондай-ақ жұмыстарды орындау сапасының қазіргі заманғы стандарттарына сай келмейтін мамандарға қатаң шаралар қолдану тапсырылды.
 
Жиын барысында автожол жобаларын іске асыруға жауапты тұлғалар, шарттық міндеттемелерді орындамаған жағдайда жауапкершілікке тартылатындығы жайында ескертілді. 
 
 

Сапасыз жасалған жол жыл сайын жөндеуді қажет етеді және бұған мемлекеттің қаржысы тиімсіз жұмсалып жатыр", - деп айтты Тоқаев. 

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны