07.01.2022, 16:58 416

Тоқаев террористерге ескертусіз оқ атуды бұйырды

Тоқаев террористерге ескертусіз оқ атуды бұйырды
Сурет: facebook Сергей Алексеенок
НҰР-СҰЛТАН. 7 ҚАҢТАР - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің халыққа үндеуі кезінде құқық қорғау органдары мен армияға террористерге оқ атуды ескертусіз ашуды бұйырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Үндеу барысында Тоқаев елімізде лаңкестікке қарсы операция жалғасып жатқанын атап өтті. Полиция, ұлттық ұлан және армиямыздың күшімен Конституцияға сәйкес заңдылық пен тәртіп орнату мақсатында ауқымды әрі күрделі жұмыс атқарылып жатыр, деп хабарлайды Ақорда.
 

Кеше Алматы, Ақтөбе қалалары мен Алматы облысындағы жағдай қалпына келтірілді. Енгізілген төтенше жағдай режимі өз нәтижесін берді. Бүкіл еліміз бойынша конституциялық заңдылық орнатылды", - деді Президент.

 
Бірақ, оның айтуынша, террористер мемлекеттік және жеке азаматтардың дүние-мүлкіне әлі де залалын келтіріп, азаматтарға қарсы қару қолдануда.
 

Құқық қорғау органдары мен армияға ескертусіз оқ атуға бұйрық бердім", - деді Тоқаев.

 
Мемлекет басшысы атап өткендей, шетелде тараптарға келіссөз жүргізіп, проблемаларды бейбіт жолмен шешуге шақырған сөздер айтылуда.
 

Не деген ақымақтық?! Қылмыскерлермен, қанішерлермен қандай келіссөз болуы мүмкін? Біз қаруланған әрі дайындықтан өткен жергілікті және шетелдік содырлармен бетпе-бет келіп отырмыз. Нақты айтқанда, содырлармен және лаңкестермен. Сондықтан оларды жою керек. Бұл жуық арада жүзеге асырылады", - деді Қазақстан Президенті.

 
Ол күштік құрылымдар бұл міндетті моральдық және техникалық тұрғыдан орындауға дайын екендігіне сендірді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны