14.03.2023, 13:49 23311

Цифрлық даму министрлігінің басшысы "Азаматтарға арналған үкімет" басшысын тінту туралы қауесетке қатысты пікір білдірді

Цифрлық даму министрлігінің басшысы "Азаматтарға арналған үкімет" басшысын тінту туралы қауесетке қатысты пікір білдірді
Сурет: primeminister.kz
Шын мәнінде, Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері келіп, бірнеше сұрақ қойды

Астана. 13 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Үкімет кулуарында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин "Азаматтарға арналған үкімет" басшысын жұмыс орнындағы тінту туралы ақпаратқа пікір білдірді.

Сүйеніш Әбділдин жұмыста. Шын мәнінде, Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері келіп, бірнеше сұрақ қойды, басқа да іс-шаралар болды. Бірақ қазір болып жатқанның бәрі -агенттікке қатысты сұрақтар, олар бізге ақпарат бермейді", - деді ол ҚР Үкіметінің кулуарында тілшілер сұрағына.


Министрдің айтуынша, кеше Сүйеніш Әбділдин және басқа басшылар ортақ жиналысқа келгенде мән-жайды сұраған.

Олар Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері келіп, белгілі бір іс-шаралар өткізгенін айтты. Ендігі сұрақтардың бәрі Қаржы мониторингі агенттігіне. Мен оған (Сүйеніш Әбділдин - ред.) оң сипаттама бере аламын", - деп қосты ол.


Бұған дейін кейбір қазақстандық БАҚ «Азаматтарға арналған үкіметте» қамауға алынғандар туралы ақпаратты жариялаған болатын.

Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны