26.10.2021, 19:23 52663

Цой КВИ-ге қарсы ақылы вакцина қазақстандықтар үшін қанша тұратынын айтты

НҰР-СҰЛТАН. 26 ҚАЗАН - Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда ақылы вакцинацияның қанша тұратынын айтты.
 

Дәл айта алмаймын, өйткені бұл коммерциялық сегмент. Бірақ вакциналар қымбат емес. Егер біз басқа вакциналар бойынша қарайтын болсақ, олар әр түрлі шектерде - 2-ден 5 мың теңгеге дейін ауытқиды. Сондықтан мұнда коммерциялық сегментте қандай бағамен сатып алынатынына байланысты қарау керек болады", - деді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Үкімет аясында.

 
Оның айтуынша, негізгі дистрибьюторлар келесі жылдан бастап нарықта қолжетімді болатын қосымша вакцинаның жеткізілуін іске қосу үшін хабардар етілген, осы мәселе пысықталып жатыр.
 
Ақпарат көзі: egemen.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны