07.04.2021, 20:56 18023

Цой Тоқаев неге Спутник V-мен вакцинацияланғанын айтты

НҰР-СҰЛТАН. 7 СӘУІР - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың отандық препаратымен емес, "Спутник V" вакцинасымен неге егілгенін айтты.
 
Қазақстан Президенті Қазақстанда әзірленген препаратпен егілетінін мәлімдеді. Алайда, кеше Мемлекет басшысының Қарағанды фармацевтикалық зауытында шығарылатын "Спутник V"-мен егілгені белгілі болды.
 

"Спутник V" де қазақстандық вакцина. Ол біздің елде өндірілген. Субстанциясы Ресейге тиесілі. Бірақ вакцина Қазақстанда өндірілді. Сондықтан оны отандық өнім деп айтуға болады. Сыртқы қаптамасында да Қазақстанда шығарылған деп жазылады", - деп Алексей Цойдың сөзін "Хабар 24" телеарнасы келтірді.

 
Министрдің өзі отандық "КазКовидИн" препаратын күтуді жоспарлап отыр. Ол Білім және ғылым министрлігі қорытынды клиникалық зерттеуді дайындап, вакцина емханаларға түскеннен кейін, ол өз еркімен екпе алады деп уәде берді. Сәуір айының соңында отандық вакцинаның алғашқы партиясы 50 мың дозада келеді деп күтілуде.

Ақпарат көзі: 24.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны