02.07.2021, 23:35 19889

Вакцинацияның электрондық паспортында QR-код пайда болды

НҰР-СҰЛТАН. 2 ШІЛДЕ - Қазақстанда вакцинацияның электрондық паспортының форматы жаңартылды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Электрондық құжаттың жаңа нұсқасында туған күні, төлқұжат нөмірі, QR-код сияқты жаңа деректер қосылды.

Құжат иесі сұрау салушы Тарапқа QR-кодты ұсына алады, бұл құжаттың заңдылығын тексеруге көмектеседі. Кодты сканерлеу кезінде пациенттің вакцинациядан өткені туралы дербес деректердің таралуын қорғау мақсатында анықтамадағы деректер жасырылған (деректердің бір бөлігі ***белгіленген) пациенттің вакцинациясы туралы деректері бар бетке көшу жүзеге асырылады.

Қажет болған жағдайда мобильді қосымшаны пайдаланушының телефондағы мессенджерлер арқылы өзінің электрондық құжатымен бөлісу мүмкіндігі бар.

EGOV mobile мобильдік қосымшасының "Цифрлық құжаттар" сервисінде орналастырылған вакцинациялаудың электрондық паспортын ұсынуға мүмкіндігі жоқ адамның вакцинациясын растау үшін медицина қызметкері медициналық ұйымның ақпараттық жүйесінен басып шығарған қағаз жеткізгіштегі анықтаманы ұсыну мүмкіндігі бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны