13.12.2022, 08:41 20691

Вайнерлердің ісі сотқа жіберілді

Іс Алмалы аудандық сотына жіберілді
Вайнерлердің ісі сотқа жіберілді
Сурет: Depositphotos
Алматы. 13 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Алматы прокуратурасы қаржы пирамидасын құрғаны және басқарғаны үшін айыпталған танымал вайнерлерге қатысты қылмыстық істі сотқа жолдады, деп хабарлайды Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Алматы қаласының прокуратурасы ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және оны басқару фактісі бойынша


қылмыстық істі Алматы қаласының Алмалы аудандық сотына А. Құрманғалиев, Р. Бурканов, Д. Рахимова, Д. Ча, А. Рүстемов, Т. Касенов, С. Касенов, Н. Сұлтанбаев, М. Шерниязов, М. Туребаев, Б. Жармұхамед, Ерлан және Ержан Мансуровтарды айыптау бойынша қылмыстық істі сотқа жолдады", - делінген прокуратураның хабарламасында.

Прокуратураның мәліметінше, іс фигуранттары А. Ораз бен А. Саидбаев халықаралық іздестіруге жарияланды.

Қылмыстық іс аясында 41 жылжымайтын мүлікке, 3 автокөлікке, 9 банктік шотқа және 16 компанияның жарғылық капиталындағы әртүрлі үлестерге тыйым салынды.

Іс бойынша айыптауды процессуалды прокурор қолдайды", - деп қосты прокуратура.


Естеріңізге сала кетейік, танымал қазақстандық блогерлер қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінген. Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов осы жылдың сәуір айында қамауға алынған.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны