Вирустың кезекті мутациясының алдын алу үшін шұғыл ревакцинация қажет - Бекшин
Сурет: ашық көздерден
Соңғы аптада тұрғындар арасында КВИ-дің 1 065 жағдайы тіркелген (бір апта бұрын олар 1 398 болған), Өткен тәулікте - 146 жаңа инфекция. Әзірге біз иммундық қабаттың 56%-на жеттік. Бұл ретте тәулік сайын халықтың 0,1%-ы ғана вакцинацияланады. Ұжымдық иммунитеттің осындай қарқынымен кем дегенде 75%-ға біз келесі жылдың мамыр айында ғана қол жеткіземіз. Тағы да айта кетейін, вакцинацияны кешіктіру өте қауіпті", - деп бөлісті Бекшин.
Алматының бас санитарлық дәрігері вакцинация қарқынын арттырумен қатар, қала тұрғындары ревакцинацияға келуі керек екенін атап өтті.
Бұл медицинада мүлдем қалыпты құбылыс, өйткені барлық инфекциялар бір рет ауырғаннан кейін тұрақсыз иммунитет береді. Көптеген вакциналар үшін белгілі бір уақыттан кейін қайта егу қажет", - деді ол.
Қалада коронавирусқа қарсы ревакцинация 22 қарашадан басталады.
Ревакцинация өте қажет. Бұл ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға көмектеседі және вирустың одан әрі мутациясына жол бермейді. Біздің бақылауымыз бойынша, вакцинацияланған антиденелердің деңгейі уақыт өте келе, 6 айдан 9 айға дейін төмендейді, яғни аурудың ықтималдығы артады. Көптеген елдер қазірдің өзінде ревакцинация науқандарын белсенді жүргізуде. Бустерлік вакцинаны қарт адамдарға қолдану өте маңызды, өйткені Алматыда 60 жастан асқан адамдар арасында жұқтырудың 5 пайызға жуық өскені байқалады. Бұл ретте, мектеп оқушыларын вакцинациялау да өте маңызды", - дейді Бекшин.
Алматылық эпидемиологтардың мәліметінше, биыл қалада вакцинаның екі компонентімен егілгеннен кейін 2680 науқас тіркелген, оның ішінде 360 адам қайта ауырған.
Сауда объектілерінде, қоғамдық көліктерде, базарларда жұқтыру қаупі әлі де жоғары. Бұл анти-рейтингке жұмыста жұқтыру фактілері де кірді, яғни инфекцияның 9%-дан астамы жұмыс орныныда жұққан.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.