29.06.2022, 17:09 13331

Заңсыз ағаш кесу қылмыс санатына ауыстырылады

Қылмыстық кодекстің 324, 325, 326, 328, 329, 330 және 333-баптарындағы "Экологиялық залал" термині "залал" деген ұғыммен ауыстырылған.
Заңсыз ағаш кесу қылмыс санатына ауыстырылады
НҰР-СҰЛТАН. 29 МАУСЫМ - Заңсыз ағаш кескені үшін салынатын айыппұлдардың мөлшері азаймақ. Мәжілісте заңнамаға осындай түзету енгізу ұсынылды. 
 
Мәжіліс депутаттарына Қазақстанның Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстеріне экологиялық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылықты күшейтуді көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заң жобаларын бірінші оқылымда таныстырған Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев заңсыз ағаш кесудің айыппұл мөлшері өзгеретінін мәлім етті. 
 

Заңсыз ағаш кесудің тұрақты динамикасын ескере отырып, Заң жобасында мынадай көрсеткішті төмендету ұсынылады. Елеулі залал 100-ден 50 АЕК-ке дейін, ірі залал 1000-нан 500 АЕК-ке дейін азайтылмақ. Ал аса ірі залал көрсеткіші өзгеріссіз қалады және 2000 АЕК-ті құрайды",- деді Серікқали Брекешев. 

 
Сондай-ақ, ол Қылмыстық кодекстің 324, 325, 326, 328, 329, 330 және 333-баптарындағы "Экологиялық залал" термині "залал" деген ұғыммен ауыстырылғанын атап өтті. 
 

Өйткені қылмыстық заңнамада құқықтық анықтамасы жоқ. Қоғамдық қауіпті зардаптарды анықтауға қатысты ұғымдар Қылмыстық кодексте "ірі залал және iрi мөлшерде" және "ерекше iрi залал және аса iрi мөлшерде" деп бекітілген", - деді министр.

 
Ақпарат көзі: inform.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны