18.11.2021, 20:41 47194

Жұқтырған алматылықтардың 82%-ы ковидке қарсы егілмеген

Жұқтырған алматылықтардың 82%-ы ковидке қарсы егілмеген
Сурет: Алматы қаласының ІСБ
АЛМАТЫ. 18 ҚАРАША - Инфекция жұқтырған алматылықтардың 82% ковидке қарсы екпе алмағандар. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі орталығындағы баспасөз мәслихатында қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті.
 
Жандарбек Бекшиннің айтуынша, мегаполистің "жасыл" аймаққа өтуіне қала тұрғындары мен түрлі ұйымдардың карантиндік шектеулерді сақтауы сеп болды.
 

Жалпы, мегаполисте коронавирус ахуалының тұрақтануы жалғасуда. Апта ішінде инфекцияның жаңадан 936 жағдайы тіркелді, өткен тәулікте коронавирусты 128 адам жұқтырған. Айта кететін жәйт, инфекция жұқтырғандардың 82% вакциналанбаған азаматтар", - деді ол.

 
Алматының бас санитарлық дәрігерінің сөзінше, дерттің оптимистік көрсеткіштеріне қарамастан, ковид балалар үшін қауіпті.
 

Сондықтан 12 жастан асқан жасөспірімдерді белсенді вакциналау өте маңызды. Жаңа "дельта"-нұсқа балалар үшін өте қауіпті әрі тез жұғады, егер өткен жылы 281 оқушы жұқтырса, осы жылдың басынан бері жұқтырғандар саны 15 039 жетті", - деді спикер.

 
Сонымен қатар, ол уақыт өте келе антиденелердің концентрациясы төмендейтінін тілге тиек етті.
 

Вакциналардың алғашқы дозаларын алғаннан кейін 6 немесе 9 ай өткен соң КВИ-ға қарсы ревакцинация жасау қажет", - деді ол.

 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны