17.06.2022, 15:16 24081

Жүздеген болашақ дәрігерлер мемлекеттік емтиханнан "өтпей қалды": Денсаулық сақтау министрлігі оның себебін атады

Студенттердің төмен баға алуына техникалық ақау себеп болған.
Жүздеген болашақ дәрігерлер мемлекеттік емтиханнан "өтпей қалды": Денсаулық сақтау министрлігі оның себебін атады
НҰР-СҰЛТАН. 17 МАУСЫМ - Студенттердің төмен баға алуына техникалық ақау себеп болған.
 
Бұған қатысты бүгін Денсаулық сақтау министрлігі жауап берді. Ақтөбедегі медицина университеті студенттерінің тәуелсіз емтиханда төмен баға алуына жүйедегі техникалық қате себеп болған. Жағдайды тексерген кезінде тест кодтарында бірқатар техникалық сәйкессіздік анықталған. 
 

Жүйеде дұрыс ескерілмеген ұпайлар студенттің пайдасына қайта қаралады. Студенттердің білімін төмен бағалаудың себептерін анықтау мүмкін болмаған жағдайда, республикалық аппеляциялық комиссияға барлық техникалық іркілістер жойылғаннан кейін емтихандар нәтижелерін талдау және емтиханды қайтадан бастапқы тапсыруға жіберу туралы сұрау жіберіледі", - деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

 
Ақпарат көзі: astanatv.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны