27.09.2021, 17:44 10216

Жамбыл облысындағы ТЖ: қаза тапқан құтқарушылардың отбасылары 20 млн теңгеден алады

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин материалдық көмек сомасы неден тұратынын айтты.
ТАРАЗ. 27 ҚЫРКҮЙЕК - Таразда қаза тапқан құтқарушылардың отбасылары 20 млн теңгеден алады.
 
Тараздағы жарылыс кезінде қаза тапқан әрбір құтқарушының отбасы 20 миллион теңгеден алады. Оған қоса сақтандыру төлемдері де бар, деп хабарлайды "Хабар 24".
 
 "Национальный интерес" бағдарламасының студиясына берген эксклюзивті сұхбатында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин осы жылдың тамыз айының соңында оқ-дәрілер қоймасындағы жарылыстар кезінде қаза тапқан батырларға материалдық көмек сомасы неден тұратынын айтты.
 

Бүгінгі таңда Үкімет тарапынан марқұмның әр отбасына 10 млн теңге аудару туралы шешім қабылданды. 5 млн теңге жергілікті бюджет есебінен. Біз - ерікті түрде тілек білдірген қызметкерлер - бір күндік жалақыны аударым шотына жинадық. ҚР ТЖМ есебінен 5 млн теңгеден - ерікті тапсыру. Сонымен қатар, емдеуді қажет ететін адамдарға көмек. Мемлекет тарапынан бізде міндетті сақтандыру бар - бұл қайтыс болған адамның отбасына 60 айлық ақшалай үлес төленетін болады. Яғни, мұнда көптеген нюанстар бар, мұрагерлік құқығын заңды түрде анықтау керек, сонда олар осы көмекті алады", - деді ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин.

 
Еске сала кетейік, 2021 жылдың 26 тамызында сағат 19.00 шамасында Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде инженерлік оқ-дәрілер қоймасында өрт шыққан болатын. Өрт тез арада инженерлік оқ-дәрілер сақталған қоймаларға таралды. Өртті оқшаулау мүмкін болмады және ол басқа қоймаларға таралды. Өрт және 10-нан астам жарылыс болды. Төтенше жағдай салдарынан он жеті адам қайтыс болды: азаматтық қорғау органдарының 10 қызметкері, Қорғаныс министрлігінің алты әскери қызметкері және бір әскери прокурор.

Ақпарат көзі: 24.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны