21.09.2021, 19:08 8562

Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы Алматыдағы атысқа қатысты түсініктеме берді

АЛМАТЫ. 21 ҚЫРКҮЙЕК - Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы Алматыда бес адамның өмірін қиған атысқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Үйден шығару туралы аталған атқарушылық іс жүргізу екі жеке тұлғаның дауы болып табылады. Электрондық сауда-саттықта тұрғын үй сатып алған және меншік құқығы тіркелген адам бұрынғы тұрғын үй иелерін шығару туралы сотқа жүгінді. 2020 жылдың 10 маусымында сот бұл талапты қанағаттандырды. Өткен жылдан бастап борышкер сот шешімін орындау қажеттілігі туралы бірнеше рет хабардар етілді. Үйден шығару туралы сот шешімін орындау кезінде қайғылы оқиға болды, бес адам қаза тапты. Жеке сот орындаушыларының кәсіби қоғамдастығы тарапынан қаза тапқандардың отбасыларына жан-жақты қолдау және қажетті көмек көрсетілетін болады", - деп хабарлады палатада.

 
Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты. Қаза тапқандардың отбасылары мен кәмелетке толмаған балалары қалды. Оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары тергеуде.
 
Естеріңізге сала кетейік: 20 қыркүйекте Алматы қаласында меншік құқығы туралы сот шешімін орындау кезінде шығарылған тұрғын аңшылық мылтықтан оқ жаудырды. Нәтижесінде бес адам, оның ішінде екі полиция қызметкері, сот орындаушысы және мүліктің жаңа иесі қайтыс болды. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы (Екі және одан да көп адамға қатысты кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл қылмыс үшін жаза заңмен қарастырылған - 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру. Күдікті арнайы мақсаттағы бөлімше жауынгерлерінің қатысуымен қару қолданбай ұсталды, себебі үйде әйелдер мен балалар болған. 
 
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты. Әкімнің айтуынша, отбасыларға барлық қажетті көмек көрсетіледі.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны