09.01.2025, 17:15 3006

Жетісу облысында шамамен 66 елді мекен 2026 жылы газбен қамтылады

Жетісу облысында шамамен 66 елді мекен 2026 жылы газбен қамтылады, деп хабарлайды "Самұрық-Қазына" АҚ баспасөз қызметінен.

Бұл мақсатта QazaqGaz "Талдықорған-Үшарал" магистральді газ құбырын салу жөніндегі "Самұрық-Қазынаның" инвестициялық жобасын белгіленген кестеден ерте жүзеге асыруда.

Газ құбырының жалпы ұзындығы - 302,4 шақырым. Сондай-ақ, алты газ құбыры тармағы мен алты автоматтандырылған газ тарату станциясын салу көзделген.

Жаңа магистральді газ құбыры Жетісу облысындағы газбен қамтамасыз етудің сенімділігін арттырады. 2026 жылы жоба аяқталған соң аймақтағы газдандыру деңгейі 90%-ға жетуі тиіс.

Қазіргі уақытта 302 шақырым құбыр (99,9%) жеткізіліп, 203 км құбыр (67%) дәнекерленген, 155 км траншея (51%) қазылып, оған 133,2 шақырым құбыр (44%) төселген.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны