14.02.2023, 09:21 28241

Жетісу облысында жасөспірім өз құрдастарына пышақпен шабуыл жасады

Зардап шеккендердің бірі жансақтау бөлімінде жатыр
Жетісу облысында жасөспірім өз құрдастарына пышақпен шабуыл жасады
Талдықорған. 14 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Жетісу облысы Көксу ауданы Балпық би ауылында 17 жасар жасөспірім құрдастарына пышақпен шабуыл жасады.

Салдарынан 17 және 18 жастағы жергілікті тұрғын бірнеше жарақатпен облыстық ауруханаға жеткізілген. Олардың жағдайы тұрақты. Алайда біреуі жансақтау бөлімінде жатыр. Адам шошырлық жағдай осыдан 3 күн бұрын Көксу ауданы Балпық би ауылында болған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жәбірленушілерді 17 жасар танысы жарақаттағаны анықталды. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚК 24 және 99-бабына сәйкес жүргізіледі", - деді Жетісу облыстық ПД ресми өкілі Меруерт Темірханова.



Бұған дейін хабарланғандай, Петропавлда тоғызыншы сынып оқушысы мектепке балта мен пышақпен келіп, оқушыларға шабуыл жасаған. Жарақат алған екі бала басы мен білегінен пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Үшінші оқушыға сол жерде медициналық көмек көрсетілді.

Ақпарат көзі: almaty.tv
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны