19.08.2022, 16:43 56931

Жыл басынан бері 1,7 мыңнан астам кәсіпкер мемлекеттік органдар тарапынан бұзушылықтарға шағымданды

Жыл басынан бері 1,7 мыңнан астам кәсіпкер мемлекеттік органдар тарапынан бұзушылықтарға шағымданды
Сурет: Polisia.kz
НҰР-СҰЛТАН. 19 ТАМЫЗ - Жыл басынан бері 1,7 мыңнан астам кәсіпкер Бас прокуратураға мемлекеттік органдар тарапынан бұзушылықтар туралы шағымдармен жүгінді. Әрбір төртінші бұзушылық расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Бас прокуратурада атап өткендей, кәсіпкерлердің шағымдарына жедел әрекет ету үшін әрбір, тіпті аудандық деңгейге дейінгі прокуратурада Бизнесті қорғау жөніндегі мобильді топтар жұмыс жасайды.
 

Жалпы, а.ж. 7 айында кәсіпкерлік саласындағы бұзушылықтар бойынша, оның ішінде Мобильді топтардың жұмысы шеңберінде 893 қадағалау актісі енгізілді, 143 мыңнан астам бизнес субъектісінің құқықтары қорғалды, 534 млн теңгеден астам сомаға 5,9 мың әкімшілік жаза алып тасталды, 6,4 мыңнан астам заңсыз тексерулер мен бақылаудың өзге де нысандарының жолы кесілді және күші жойылды, 1139 тыйым салу-шектеу шаралары, мемлекеттік органдардың 702 актісі, 669-дан астам адам жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады ведомствода.

 
Мысалы, Алматы облысында білім беру органдары тарапынан 251 жекеменшік балабақшаны (мемлекеттік тапсырысты орындау мәселелері бойынша) заңсыз тексеруге жол берілген жоқ.
 
Қостанай облысында прокурорлардың араласуынан кейін ғана "NPO DSK" ЖШС-ның 15 қызметкеріне жалақы бойынша 3,4 млн теңге мөлшерінде 2 айлық берешек төленді.
 
Павлодар және Маңғыстау облыстарында мемлекеттік органдар қатарынан жұмыс топтарының коммерциялық нысандарды аралауының заңсыз практикасы тоқтатылды, Шымкент қаласында шаруа қожалықтарын суармалы сумен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды, Жамбыл облысында прокурорлар қабылдаған шаралардың арқасында бизнес субъектілерінен электр беру желілерінің тіректерін жалға алу үшін ақша алынбайды.
 

Мобильдік топтар шешетін мәселелер ауқымы жеке жағдайлармен шектелмейді, көбінесе прокурорлар құқықтық актілерге өзгерістер енгізуді талап ететін жүйелі проблемалармен күреседі. Бұл жұмыс "Атамекен" ҰКП-мен өзара тығыз іс-қимылда жүргізілуде", - деп атап өтті Бас прокуратурада.

 
Ведомствода кәсіпкерлер өз құқықтарын бұзу фактілері туралы прокуратура органдарына 115 (Call-орталық), 30-18-30 (Бас прокуратураның мобильді тобы) нөмірлері немесе облыс прокуратураларының сайттарында көрсетілген нөмірлер бойынша хабарласа алатынын атап өтті.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны