21.04.2022, 16:53 47906

Қазақстан грек-рим күресінен Азия чемпионатында тоғыз медаль жеңіп алды

Атап айтқанда, грек-рим күресінің шеберлері 2 алтын, 5 күміс және 2 қола медальға қол жеткізді.
Қазақстан грек-рим күресінен Азия чемпионатында тоғыз медаль жеңіп алды
Сурет: olympic.kz
ҰЛАН-БАТОР. 21 СӘУІР - Моңғолияда өткен грек-рим күресінен Азия чемпионатында Қазақстан тоғыз медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Моңғолия астанасы Ұлан-Батор қаласында грек-рим күресінен Азия чемпионаты аяқталды. 
 
Құрлық біріншілігіне Қазақстан сапынан 10 спортшы қатысып, оның 9-ы жеңіс тұғырынан көрінді. Атап айтқанда, грек-рим күресінің шеберлері 2 алтын, 5 күміс және 2 қола медальға қол жеткізді. Сондай-ақ, грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы ұпай саны бойынша жалпыкомандалық есепте Азия чемпионатында көш бастады. Екі күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша "классиктер" барлығы 180 ұпайға ие болған. 
 
Иран құрамасы екінші болса, Қырғызстан балуандары үздік үштікті түйіндеді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны