05.08.2021, 20:22 12981

Қазақстандық боксшы Токио Олимпиадасында бесінші "қоланы" жеңіп алды

ТОКИО. 5 ТАМЫЗ - Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Токио Олимпиадасында бокстан 52 келі салмақтағы жартылай финалдық жекпе-жектер аяқталды. Өкінішке қарай, қазақстандық Сәкен Бибосынов төрешілер шешімімен қарсыласына жол берді", - деп жазады Olympic.kz

 
Кездесудің бірінші раундында Сәкен нокдаун алып, британдық Джалал Яфаи айқын басымдықпен алға шықты. Екінші раундта бес төрешінің үшеуі ғана Бибосыновтың басымдығын мойындаған. Шешуші үшінші раунд қорытындысы бойынша 3:2 есебімен ұлыбританиялық Джалал Яфаи жеңіске жетті. 
 
Осылайша, Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды. Өкінішке қарай, қазақстандық боксшылар еншісінде алғаш рет Олимпиада алтыны жоқ. 
 
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасы ағымдағы Олимпиада ойындарында 4 қола жүлдені жеңіп алған болатын.
 
Бірінші медальді дзюдошы Елдос Сметов, екінші және үшінші "қоланы" ауыр атлеттер Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло, төртінші - боксшы Қамшыбек Коңқабаев жеңіп алды.
 
Сондай-ақ, каратэші Дархан Асаділов кем дегенде "қолаға" үміттенеді. Ол бүгін 17.00-ден кейін Олимпиада турнирінің финалына шығады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны