19.10.2021, 19:03 165968

Ауыр атлетикадан ҚР Ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен босатылды

АЛМАТЫ. 19 ҚАЗАН - Бақыт Ахметов ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен босатылды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Бұл шешім Алматы қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы басшылығының ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабына қатысты атлеттер мен жаттықтырушылардан түскен шағымдарды қарау қорытындысы бойынша қабылданды.
 

Федерация ҚР Ұлттық Олимпиада комитетімен бірлесіп, алдағы ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты кезінде ұлттық құрама командасының жаттықтырушылар штабына үміткерлерді іріктеуді осы мақсаттар үшін әзірленген критерийлер негізінде жүргізуге ниетті", - деп хабарлады ҚР ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі.

 
Бұған дейін ауыр атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Әйгерім Ауылбек Альберт Линдер қайтыс болғаннан кейін Қазақстанның ауыр атлетика саласындағы проблемалар туралы мәлімдеген спортшыларға қауіп төніп тұрғанын хабарлаған болатын.
 
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық ауыр атлет Альберт Линдер - жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы, Азия чемпионы, Универсиаданың жеңімпазы және рекордсмені, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы - өз-өзіне қол жұмсады. Ол 25 жаста еді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу).
 
Ол қайтыс болғаннан кейін қазақстандық ауыр атлеттер федерациядағы ауыр психологиялық жағдай туралы мәлімдеді. Спортшылар Михаил Макеев пен Фархат Самарханов медальдарын қоқысқа тастады.
 
ҚР ауыр атлетика федерациясы спортшылардың өтініштерінен кейін құрамына сарапшылар мен спорт ардагерлері кіретін комиссия құруды ұсынды. Тергеу барысында Комиссия мән-жайлар анықталғанға дейін ҚР ерлер ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы Сергей Седовты қызметінен шеттету туралы шешім қабылдады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны