27.10.2022, 14:33 50236
"Қайрат" ФК Алматының меншігіне беріледі
Достарға айту
Алматы. 27 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - Алматы әкімі Ерболат Досаев "Қайрат" футбол клубының қала меншігіне берілуін күтіп отырғанын айтты.
Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесу кезінде "Қайрат" футбол клубының жанкүйері онда қазір қиындықтар бар екенін, оған көмек қажет екенін жеткізді.
Мен 60 жыл болды "Қайраттың" жанкүйерімін. Алматыда тұрамын. Қазір клубқа көмек қажет. Көп ойыншылар Ақтөбе, Астанаға, басқа клубтарға кетіп қалды. Себебі, онда көп ақша төлейді. Қазір "Қайрат" төртінші орында. Мықты ойыншылар, академия түлектерінің бәрі кетіп қалды", - деді қала тұрғыны.
Ерболат Досаев "Қайрат" қазір жекеменшікте екенін және әкімдік оның қала меншігіне берілуін күтіп отырғанын айтты.
"Қайрат" клубы қазір жекеменшікте. Сот шешімін күтіп отырмыз. Клуб қала меншігіне берілген кезде, оған көмек көрсету мәселесін қарастырамыз, яғни ол қала меншігіне өткен соң көмек көрсетіледі", - деп жауап берді Ерболат Досаев.
Ақпарат көзі: inform.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
12.02.2025, 15:20 31756
Астаналық спортшы тасжолдағы велоспорттан Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды
Достарға айту
Таиландтың Пхитсанулок қаласында тасжолдағы велоспорттан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Астаналық спортшы турнирдің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Елордалық спортшы Дмитрий Груздев элиталық санаттағы уақыт бойынша жекелей жарыста сынға түсті.
Осыған дейін Дмитрий Груздев ұлттық құрама сапында "элита" санатындағы аралас эстафетада (42,8 км) алтын медаль жеңіп алған болатын.
Азия чемпионатына 27 елден велошабандоздар қатысуда. Байрақты бәсеке 16 ақпанда аяқталады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.02.2025, 14:59 31851
Қазақстандық шаңғышылар 2025 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
Достарға айту
Қазақстандық шаңғышылар Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Қазақстан ҰОК баспасөз қызметінің баспасөз қызметінен.
Ерлер құрамасы 4х7,5 шақырымдық эстафетада үшінші нәтиже көрсетті. Ел қоржынына бұл медальді Константин Борцов, Наиль Башмаков, Олжас Климин және Владислав Ковалев салды.
Бірінші орынды Қытай құрамасы иеленсе, күміс жүлде Жапония спортшыларына бұйырды.
Айта кетейік, бұған дейін әйелдер құрамасы эстафетада күміс жүлдеге қол жеткізген болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.02.2025, 15:11 38336
Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Азиаданың жартылай финалына шықты
Достарға айту
Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Азиаданың жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бүгін Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында хоккейден еліміздің ерлер құрамасы ширек финалда Гонконгтан басым түсті.
Олег Болякин шәкірттері қарсылас қақпасына жауапсыз 24 шайба тоғытты.
Есеп: 24-0. Бұл осы ойындардағы ең ірі есеп.
Енді жартылай финалда біздің хоккейшілер Оңтүстік Корея/Қырғызстан арасындағы жеңімпазбен ойнайды.
Еске сала кетейік, Қазақстан топтық кезеңде Қытай, Жапония, Қытайдың Тайпей және Оңтүстік Корея командасын ұтып, ұпайдан шашау шығармаған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.02.2025, 10:36 38691
Владислав Киреев - Харбиндегі Азия ойындарының жеңімпазы атанды
Достарға айту
Владислав Киреев - Харбиндегі Азия ойындарының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Отандасымыз Владислав Киреев IX қысқы Азия ойындарында биатлоннан 10 шақырым спринтте чемпион атанды.
Бұл Қазақстан делегациясының қоржынында түскен 3-алтын медаль.
Ол жарыс жолын 29 минут, 47.4 секундта жүріп өтті. Тағы бір отандасымыз Вадим Куралес күміс жүлдеге ие болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.02.2025, 11:19 43896
Олжас Климин Харбиндегі Азиаданың қола жүлдегері атанды
Достарға айту
Олжас Климин - Харбиндегі Азиаданың қола жүлдегері, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Санаулы сəттер бұрын IX қысқы Азия ойындарында ерлер арасында 10 шақырымға еркін стильде шаңғы жарысынан бәсеке аяқталды.
Ұлттық құрама спортшысы Олжас Климин 21 минут, 20,3 секундта мәреге жетіп, үздік үштікті түйіндеді. Алтын мен күміс Жапония өкілдерінде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.02.2025, 09:50 44386
Харбиндегі кездесуде Қазақстанда биатлонды дамыту мәселелері талқыланды
Достарға айту
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин, ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Қазақстан ҰОК бас хатшысы Әлімжан Ақаев және Қазақстан биатлоншылар одағының бас хатшысы Манас Усенов Халықаралық биатлоншылар одағының (IBU) президенті Олли Даллинмен кездесу өткізді, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметінен.
Ресми іс-шара Харбиндегі Қысқы Азия ойындары аясында өтті. Кездесу барысында негізгі талқыланған мәселелер - спорттық ғылым саласындағы ынтымақтастықтың болашағы, бапкерлерге арналған білім беру бағдарламаларын кеңейту және Қазақстанда IBU аясында Әлем кубогы кезеңдерін өткізу мүмкіндігі.
Олли Даллиннің айтуынша, IBU әртүрлі бағыттар бойынша ынтымақтастыққа ашық. Оның ішінде, скандинавиялық елдер мен басқа мемлекеттер арасындағы дайындық деңгейіндегі алшақтықты азайту, сондай-ақ әлемде биатлонды дамыту үшін тең мүмкіндіктер жасау бар. Ол Қазақстан тарапына Азия биатлон конфедерациясын құрып, өңірлік жарыстар өткізгені үшін алғыс білдірді.
Өз кезегінде, ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Қазақстанда биатлонды дамыту үшін IBU-дың қолдауы аса маңызды екенін атап өтті. Әсіресе, спорт әдістемесі, ғылыми және практикалық білімдер бойынша тәжірибе алмасу бағытында. Айта кетейік, Қазақстанда IBU академиясы жұмыс істейді, онда бапкерлер мен мамандарға арналған курстар ұйымдастырылған.
Сонымен қатар Қазақстан биатлонды кеңінен насихаттау мақсатында әлемдік деңгейдегі жарыстарды өткізуге қызығушылық танытып отыр. Бұл додалар елдегі инфрақұрылымы дамыған өңірлерде IBU аясында ұйымдастырылуы мүмкін.
Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин спортты жан-жақты дамытуда халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды.
Біз Қазақстан биатлоншылар одағы мен IBU арасында бірлескен ауқымды жұмыстар атқарылғанын көріп отырмыз. Бұл жұмыстар өз нәтижесін бере бастады. Өз тарапымыздан, қазақстандық спортты сапалы дамыту мақсатында әртүрлі салалардағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін кеңейтуге, қолдау көрсетуге дайынбыз", - деп түйіндеді Геннадий Головкин.
Кездесу соңында тараптар өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.02.2025, 09:28 44611
Кёрлингтен әйелдер құрамасы айқын басымдықпен жеңіске жетті
Достарға айту
Кёрлингтен әйелдер құрамасы айқын басымдықпен жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кёрлингтен Қазақстан әйелдер құрамасы Харбиндегі қысқы Азия ойындарында Қытайдың Тайпейінен басым түсті. Есеп: 14-0.
Команда сапында Тылсымай Аллиярова, Мерей Тастемір, Ангелина Эбауер, Екатерина Колыхалова, Регина Эбауер өнер көрсетті.
Айта кетейік, әйелдер құрамасы осыған дейін Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Жапонияға жол берген.
Енді бүгін Астана уақытымен 16:00-де еліміздің әйелдер құрамасы мен жарыс қожайыны Қытай 7-сессияда кездеседі. Ал ертең Филиппин және Қатар құрамасы қарсылас болады.
Қатар өткен матчта Қытай Қатардан, ал Жапония Филиппиннен басым түсті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.02.2025, 09:20 44826
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Азия ойындарында күміс жүлдеге қол жеткізді
Достарға айту
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарында күміс жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметінен.
Біздің спортшылар аралас командалар арасындағы сайыста екінші орынға ие болды. Бұл бағдарламада ел намысын Аяна Жолдас, Шерзод Хаширбаев және Асан Асылхан қорғады.
Қорытынды есепте қазақстандық спортшылар 235,39 ұпай жинап, осы көрсеткіш оларға күміс медаль алып келді. Бірінші орынды Қытай иеленсе, Жапония үшінші орынға тұрақтады.
Айта кетейік, бұған дейін Аяна Жолдас жеке жарыста үшінші орын алған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
11.02.2025, 15:02Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Қазақстанның азаматтық авиация саласын 2050 жылға дейін дамытудың стратегиялық бас жоспарын әзірлейді 11.02.2025, 15:16 128711Мемлекет басшысы Иран Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады12.02.2025, 10:26 102356Алматыда Тұйық Су шатқалында визит-орталық ашылады12.02.2025, 14:36 1021112024 жылы 19 мыңнан астам адам "Күміс жас" жобасы бойынша жұмысқа орналасты12.02.2025, 14:41 101736Қазақстандағы мемлекеттік еңбек инспекторлары жалақы бойынша 318 млн теңгеден астам соманы құрайтын берешекті анықтады
24.01.2025, 16:38 136086Қазақстанда генерациялау объектілерін, жылу және электрмен жабдықтау желілерін кешенді жаңғырту жоспарлануда24.01.2025, 16:24 133321Бектенов сыртқы факторлардың ел экономикасына әсері мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді24.01.2025, 16:20 133011Астанада жеке кәсібін ашқан ерекше баласы бар аналарға арналған форум өтті23.01.2025, 19:50 130361Алматыда заңсыз салынған сауда нысандары жаппай бұзылуда11.02.2025, 15:02 129186Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Қазақстанның азаматтық авиация саласын 2050 жылға дейін дамытудың стратегиялық бас жоспарын әзірлейді