29.12.2022, 08:44 28396

Динара Сәдуақасова рапидтен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Тай-брейкте қазақстандық шахматшы Қытайдан келген қарсыласына есе жіберді
Динара Сәдуақасова рапидтен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Сурет: gov.kz
Астана. 29 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Динара Сәдуақасова рапидтен әлем чемпионатының күміс медалін жеңіп алды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі хабарлады.

Алматы қаласында өткен әлем чемпионатының 11 турының қорытындысы бойынша Динара Сәдуақасова мен қытайлық Тань Чжунъи 8,5 ұпай жинады. Алайда тай-брейкте қазақстандық шахматшы Қытайдан келген қарсыласына есе жіберді.

Айта кетейік, Жансая Әбдімәлік бесінші орынға, ал Бибісара Асаубаева 29-шы орынға тұрақтады.

29.12.2022, 09.04 толықтырылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда өтіп жатқан шахматтан әлем чемпионатында рапид бойынша күміс медаль иеленген Динара Сәдуақасованы құттықтады.

Мемлекет басшысы Қазақстан шахматшыларының әлем чемпионатындағы жетістіктері еліміз үшін үлкен мақтаныш екенін атап өтті. Оның айтуынша, спортшыларымыздың халықаралық турнирлердегі әрбір жеңісі осы спорт түрімен айналысатын жастарды қанаттандырады және бұл Қазақстан шахмат мектебінің деңгейі жоғары екенін көрсетеді.

Президент дарынды шахматшыға талмай еңбек етіп, жеңістен жеңіске жете беруіне тілектестік білдірді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Алматыда өтіп жатқан осы әлемдік сайыста жоғары нәтиже көрсеткен Жансая Әбдімәлікке де ізгі тілегін жолдады.

Еске салайық, 2022 жылғы 25-30 желтоқсанда Алматыда шахматтың рапид және блиц түрлерінен әлем чемпионаты өтуде.

Бұған дейін хабарланғандай, сегіз жасар алматылық FIDE басқарушы директорынан шахмат сеансын жеңіп алған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны