24.01.2023, 10:02 34131

Елена Рыбакина Australian Open-2023 жартылай финалына шықты

Елена Рыбакина Australian Open-2023 жартылай финалына шықты
Сурет: ktf.kz
Елена финалға шығу үшін әлемнің 3-ракеткасы, америкалық Джессика Пегула немесе кезінде дүниежүзілік рейтингте көш бастаған, қазір 24-орында тұрған Беларусь өкілі Виктория Азаренконың біреуімен таласады

Астана. 24 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Australian Open турнирінің ширек финалында өнер көрсетіп, жартылай финалға өтті, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Елена Рыбакина ширек финалда әлемнің 17-ракеткасы, Ролан Гаррос турнирінің 2017 жылғы чемпионы, латвиялық Елена Остапенкомен шеберлік байқасты. Қарсыластар осыған дейін екі мәрте кездесіп, екеуінде де латвиялық спортшы басым түскен еді.

Бұл жолы Рыбакина Род Лейвер атындағы орталық аренада өткен матчты брейкпен бастады - 2:0. Тағы бір брейк - 4:1. Содан кейін сетке доп бергенде, мүмкіндігін жіберген жоқ - 6:2.

Екінші партияда есесіне Остапенко брейкпен алға кетті - 2:0. Дегенмен қазақстандық теннисші сол бойда таразы басын теңестіріп қана қоймай, өзі алға шықты - 4:2. Содан кейін матчты жеңіспен түйіндеді - 6:4.

Осылайша, бұған дейін Уимблдон чемпионы атанған Елена Рыбакина спорттық жолында алғаш рет Аустралия ашық чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.

Елена финалға шығу үшін әлемнің 3-ракеткасы, америкалық Джессика Пегула немесе кезінде дүниежүзілік рейтингте көш бастаған, қазір 24-орында тұрған Беларусь өкілі Виктория Азаренконың біреуімен таласады.

Елена Рыбакина Australian Open-2023 турнирінде әлемнің бірінші ракеткасын жеңді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан 2023 жылғы қысқы Универсиаданың медальдық есебінде 11-ші орынға ие болды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны