26.07.2021, 21:46 15402

Ауыр атлет Зульфия Чиншанло Олимпиада ойындарының қола медалін жеңіп алды

Спортшы 55 келіге дейінгі санатта жетістікке жетті.
ТОКИО. 26 ШІЛДЕ - Бүгін, 26 шілде күні, Токио Олимпиадасында ауыр атлетикадан әйелдер арасында 55 келіге дейінгі салмақта жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Қазақстандық Зүлфия Чиншанло қола медаль жеңіп ады, деп хабалайды KAZAKHSTAN TODAY Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
 
Қазақстандық спортшы қоссайыс қорытындысы бойынша 213 келіні бағындырды. Ол жұлқа көтеруде 90, серпе көтеуде 123 келіні көтерді. 
 
Бұл салмақта алтын медальді Филиппин өкілі Хидилин Диас (224 келі) еншілесе, күмісті қытайлық Ляо Цюнь (223 келі) иеленді. 
 
Осылайша, Токио Олимпиадасына аттанған екі зілтеміршіміз де қола медаль тағынды. 
 
Жалпы есебі Қазақстанда үш қола бар. Бұған дейін Елдос Сметов (дзюдо) пен Игорь Сон (ауыр атлетика) үздіктер қатарынан көрінген болатын. 
 
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық спортшылар 26 шілдеде Токиода өтетін Олимпиадада спорттың жеті түрінен бақ сынайды.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны