13.02.2023, 09:56 33046

Қазақстандық конькишілер жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында командалық спринтте күміс жүлдегер атанды

Командалық спринтте Алёна Лифатова, Арина Ильященко, Алина Дауранова мен Кристина Шумекова квартеті күміс жүлдегер атанды
Қазақстандық конькишілер жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында командалық спринтте күміс жүлдегер атанды
Сурет: kazsports.kz
Астана. 13 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Германияның Инцелль қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионаты өтіп, Ұлттық құрама спринтте күміс жүлдеге қол жеткізді. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясы хабарлады.

Командалық спринтте Алёна Лифатова, Арина Ильященко, Алина Дауранова мен Кристина Шумекова квартеті күміс жүлдегер атанды. Нидерланд құрамасы мəреге бірінші келсе, Италия қола жүлдеге қол жеткізді.

Жалпы əйелдер жарысына 11 құрама қатысты. Олар: Германия, Испания, Италия, Қазақстан, Канада, Оңтүстік Корея, Латвия, Нидерланд, Норвегия, Польша, АҚШ.

Айта кетейік, былтыр Инсбруктегі əлем чемпионатында еліміздің әйелдер құрамасы (Алина Дауранова, Инесса Шумекова, Дарья Гаврилова) командалық спринтте 3-орын алған.

Осыған дейін Германиядағы додада Алина Дауранова 500 (қола) және 1000 метрде (күміс) жүлде жеңіп алған. Қазір Ұлттық құрама қоржынында 2 күміс пен 1 қола бар.

Бұған дейін Алина Дауранова жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогының финалында алтын медаль жеңіп алғаны туралы хабарланған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны