24.07.2021, 20:40 13338
Елдос Сметов Олимпиадада Қазақстанға бірінші медаль әкелді
Достарға айту
60 келі салмақта сынға түскен Елдос кіші финалда Нидерланд өкілі Торнике Цакаджоені жеңді. Жеңімпаз қосымша уақытта анықталып, Елдос "ваззари" ұпайын иеленді. Осылайша, қазақстандық дзюдошы Токио Олимпиадасының қола медалін иеленіп отыр", - деп хабарлайды Olympic.kz.
Олимпиаданың жартылай финалында жапониялық спортшы, үш дүркін әлем чемпионы Наохиса Такатоға қосымша уақытта есе жіберді.
Айта кетелік, Елдос Сметов 2014 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы, 2015 жылғы әлем чемпионы және 2016 жылғы Рио Олимпиадасының алтын медаль иегері.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
15.01.2025, 13:57 12596
Әлібек Хасенов "Қазспортинвест" АҚ президенті болып тағайындалды
Достарға айту
Әлібек Хасенов "Қазспортинвест" АҚ президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Әлібек Хасенов 1986 жылы 3 қазанда Қарағанды облысының Саран қаласында дүниеге келген.
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетін (маркетинг), Қазақстан-Ресей университетін (құқық) тәмәмдаған.
Еңбек жолын 2016 жылы ҚР Президенті Іс Басқармасының "Қараөткел" РМК ресми іс-шаралар бөлімінің бастығы болып бастаған;
2018 жылдан бастап - мемлекеттік және ірі іс-шараларды ұйымдастырумен айналысады;
2019-2024 ж.ж. - каноэ федерациясының ескек есу спортын дамыту жөніндегі атқарушы директор;
2024 жылдан бастап - Астанада "Болашақтың ойындарын" өткізуге өтінім әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.01.2025, 13:55 12816
"Болашақтың ойындары" турнирін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі Дирекция құрылды
Достарға айту
Болашақтың ойындары" турнирін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі Дирекция құрылды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Болашақтың ойындарын" дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің тапсырмасына сәйкес, "Қазспортинвест" акционерлік қоғамы базасында мамандандырылған Дирекция құрылды. Дирекцияның міндеті - 2026 жылы Астанада өтетін "Болашақтың ойындары" халықаралық мультиспорттық турнирін ұйымдастыру және өткізу.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылатын іс-шара ел спортындағы маңызды оқиға болмақ.
Айта кетейік, 2024 жылғы 13 қазанда Дубайда (БАӘ) өткен ресми рәсімде Қазақстан 2026 жылы дәстүрлі спорт түрлері мен киберспортты біріктіретін бірегей турнир - Phygital Games of the Future жарысын өткізу құқығына ие болған еді. 2026 жылғы жарысты ұйымдастыруға Қазақстаннан бөлек, Перу және Чили мемлекеттері де үміткер болған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.01.2025, 12:46 21226
Мемлекет басшысы QazSwimAcademy спорт орталығының жұмысымен танысты
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласындағы заманауи QazSwimAcademy спорт орталығына барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Орталық директорының айтуынша, бірегей кешенде спортшыларды даярлауға қажетті барлық жағдай жасалған. Ересектер мен балалар ұзындығы әртүрлі бес бассейнде жаттыға алады. Оның бірі 50 метрлік болса, екеуі 25 метрлік және екеуі 10 метрлік жүзу жолақтары бар бассейндер. Топтық жаттығулар 25 бағыт бойынша жүргізіледі. Сонымен қатар мұнда кәсіби жаттығу залы да бар.
Академияны жоғары технологиялық үлгіде жабдықтауға баса назар аударылған. Бассейндерге судың құрамы мен реагенттердің мөлшеріне автоматты түрде талдау жүргізетін әрі тиімді залалсыздандыру мен қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін испандық қондырғы қойылған.
Бұдан бөлек, нысан жүзуге қажетті машықтарды шыңдап, бұлшық еттерді ширататын арнаулы жаттығу құралдарымен жабдықталған.
Президент жас спортшылармен әңгімелесіп, мемлекет спорт инфрақұрылымдарын дамытуға ерекше мән беретінін айтты.
Келешекте табысты болуларыңызға және олимпиада чемпионы атануларыңызға тілектеспін. Спорттың денсаулықты жақсартуда, сондай-ақ халықаралық жарыстарда еліміздің даңқын шығаруда маңызы өте зор. Сіздердің жеңімпаз спортшы әрі еліміздің лайықты азаматы болатындарыңызға сенемін", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.12.2024, 17:20 32601
Түркістанда есірткіге қарсы жұлдызды матч ұйымдастырылды
Достарға айту
Түркістанда есірткіге қарсы жұлдызды матч ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Нашақорлыққа жол жоқ, біз өмірді таңдаймыз!" тақырыбында облыстық полиция, прокуратура және әкімдіктің ұйымдастыруымен ауқымды спорттық шара өтті. Яғни Түркістан аренада "SD FAMILY" Қазақстанның медиа жұлдыздары мен "RUH FIGHTING" жекпе-жек шеберлері командалары арасында жұлдызды матч ұйымдастырылды.
Аталған матчтың негізгі мақсаты - жас буынды спортпен шұғылдануға шақыру, нашақорлықпен бірлесіп күресуді қоғам назарына жеткізу.
Түркістан қаласындағы матчқа спорт саласы мен әлеуметтік желіде өзіндік орындары бар, елге танымал 40-қа жуық жас арнайы келді. Олар жасыл алаңда ептіліктері мен шеберліктерін көрсетті. Әрбір ойыншы жарыстың тартысты өтуіне өз үлесін қосты.
Шаршы алаңдағы тартысты ойын "SD FAMILY" командасының есебіне 8:4 болып аяқталды. Жиналған көпшілік те, ойыншылар да ерекше көңіл-күймен тарқасты.
Жалпы тәуелсіз еліміздің болашағы үшін ғасыр дертінен ел болып бас тартуымыз қажет! Оған құзырлы органдармен қатар белсенді жастарды тарту оң ықпал етеді деген сенімдеміз!
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.12.2024, 17:01 40961
Астанада шаңғы маусымы ресми түрде ашылды
Достарға айту
Астанадағы Орталық саябақта шаңғы тебу маусымы ресми түрде ашылды. Осыған орай шаңғыдан жарыс өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Шаңғы жарысы бірнеше жас ерекшелігі бойынша 500 метр және 2,5 км қашықтықта өтті.
Биылғы қыс шаңғы жарысын өткізуге өте ыңғайлы. Шаңғы маусымының ашылуын осы уақытқа жоспарлаған себебіміз - ауа райына байланысты. Тағы да айтарымыз, қардың қалыңдығы шаңғы жолын жоғары деңгейде жасауға мүмкіндік беріп отыр. Шаңғы - қысқы спорттардың арасында ең танымалдарының бірі. Астанамызда шаңғы спортымен айналысатын адамдардың саны өте көп. Бүгін де шаңғы маусымының ашылуына еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін қатысып жатыр. Ең қарт қатысушымыз 83 жаста. Шаңғы жарысынан бөлек, шаңғы маусымының ашылуында белбеу күресі, қол күресі, арқан тартыс, гір тасын көтеру бәсекесінен сайыс ұйымдастырылды", - деді Астана қаласы әкімдігінің "Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы" КММ спорттық-бұқаралық іс-шараларды жоспарлау бөлімінің басшысы Көлбай Жанбек.
Бүгінгі шаңғы маусымында қатысушылар 7 жас санаты бойынша сынға түсті.
Шаңғы маусымындағы адамның көптігі жақсы әсер сыйлайды. Өзім жүзумен айналысамын. Ал қысқы мезгілде шаңғыға ден қоямын. Бір жылдан бері шұғылданғанымның арқасында төзімділігімді арттырдым. Спорттағы жетістігім өмірге де септігін тигізетініне сенімдімін", - деді шаңғы маусымының ең жас қатысушыларының бірі, 9 жастағы Кеңшілік Ахмет.
Спорттық шараның соңында әр жас шамасына қарай жүлдегерлер дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.12.2024, 19:47 47856
Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті сайланды
Достарға айту
Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті сайланды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың қатысуымен Қазақстан футбол федерациясының ХХVІI кезектен тыс конференция отырысы өтті. Іс-шара барысында федерацияның жаңа президенті сайланды.
Қазақстан футбол федерациясының президенттігіне кандидаттар ретінде "Алматы облысының футбол қауымдастығы" ЗТБ атынан Алтай Даумов, "Ақмола облыстық футбол қауымдастығы" ЗТБ атынан Ербол Қайыров және "Астана қаласы футбол федерациясы қауымдастығы" ЗТБ атынан Марат Омаров үміткер атанды.
ҚФФ Бас хатшысы Саян Хамитжанов жиынды ашып, күн тәртібіндегі мәселелерді атап өтті. Одан кейін президенттікке үміткерлерге сөз берілді. Отырыстың ресми бөлігі аяқталған соң облыстық футбол қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігінің, футбол ұйымдарының және футбол мектептерінің өкілдері жаңа президентті сайлау үшін дауыс берді. Нәтижесінде қатысушылар М.Омаровтың кандидатурасын қолдады.
Министр Ербол Мырзабосынов Марат Омаровты жаңа лауазымымен құттықтап, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Қазақстан футбол федерациясының жұмысында үлкен өзгерістер болып жатыр. Бүгін құрылымның жаңа президенті тағайындалды. Басшылыққа Марат Омаров келіп отыр. Футбол әлемдегі ең қызықты әрі танымал спорт түрі. Қазақстан үшін де дәл солай. Жаңа президенттің басшылымен ұлттық құрама жақсы нәтижелер көрсетеді деп сенемін. Марат Талғатұлы салаға жаңаша серпін әкеліп, осы уақытқа дейін жинаған тәжірибесін отандық футболдың дамуына жұмсайды деген ойдамын. Ел азаматтары футболға ерекше қызығушылықпен қарайды. Сондықтан футболды жаңаша дамытуымыз керек. Әсіресе, халықаралық деңгейдегі ынтымақтастықты арттыру қажет. Футболшылардың, әлемдік деңгейдегі бапкерлер мен төрешілердің дайындығына, резервті даярлауға ерекше көңіл бөлу маңызды", - деді Ербол Мырзабосынов.
Айта кетейік, бүгінгі таңда бұл спорт түрімен 1 миллионнан астам адам тұрақты түрде айналысады. Оның ішінде ауылдық жерлерде 537 мың адам шұғылданады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.12.2024, 10:50 48816
Харбиндегі қысқы Азиадаға Шығыс Қазақстан облысынан 15 спортшы қатысады
Достарға айту
Харбиндегі қысқы Азиадаға Шығыс Қазақстан облысынан 15 спортшы қатысады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов өңірдегі бірқатар спорт нысанын аралап, жұмыс барысымен танысты.
Сапар барысында Министр Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика манежіне барды. 2013 жылы қолданысқа берілген спорт кешенінде жыл бойы жаттығу жасау үшін барлық жағдай жасалған, сондай-ақ мұнда облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі спорттық жарыстар тұрақты түрде өткізіліп тұрады.
Сонымен қатар ведомство басшысы Өскемендегі Үстел теннисі орталығын аралады. Орталық үстел теннисі бойынша облыстағы балалар мен жасөспірімдерге арналған олимпиадалық резерв спорт мектебінің базасында құрылған. Мұнда ірі жарыстар, бұқаралық спорттық іс-шаралар мен оқу-жаттығу жиындары өтеді. Ғимарат заманауи спорт құралдарымен жабдықталған. Орталықта спортшылардың жарыстан кейін немесе жарақат алған кезде физиотерапия ем-шараларын алып, қалыпқа келуіне мүмкіндік беретін дәрігерлік-денешынықтыру диспансері бар.
Туризм және спорт министрі Үстел теннисі орталығында олимпиадалық, олимпиадалық емес және ұлттық спорт түрлері бойынша облыстың аға жаттықтырушыларымен кездесіп, олардың ұсыныстары мен пікірлерін тыңдады. Кездесу барысында Министр аймақ спортын дамыту, жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру және спортшылардың дайындық деңгейін көтеру қажеттілігін атап өтті.
Шығыс Қазақстан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов жабық футбол стадионы мен теннис академиясын салу жобасын таныстырды. Бұл жобаларды жүзеге асыру Мемлекет басшысының өңірге жасаған сапары кезінде тапсырылған болатын.
Шығыс Қазақстан облысы - елімізді әлемге танытып, көк байрағымызды желбіреткен талантты спортшыларды дүниеге әкелген өңір. Бұл аймақта даңқты хоккейші Борис Александров, Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова, фристайлдан қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Юлия Галышева сияқты дарынды спортшыларымыз дүниеге келген. Жалпы, ШҚО қысқы спорт түрлері бойынша ұлттық құрамалардың негізгі орталығы саналады. Сол себепті дайындық барысында қолда бар әлеует пен ресурстарды тиімді пайдалану қажет. Келесі жылы Қытайдың Харбин қаласында қысқы Азия ойындары өтетіні белгілі. Қазақстан құрамасынан 6 спорт түрінен 139 спортшы қатысады деп жоспарлануда. Оның ішінде Шығыс Қазақстан облысынан биатлон, тау шаңғысы, шорт-трек және шайбалы хоккей сияқты спорт түрлерінен 15 спортшы бақ сынайды", - деді Ербол Мырзабосынов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.12.2024, 12:19 65636
Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының президенті ауысты
Достарға айту
Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының президенті ауысты, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың қатысуымен Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының 2024 жылды қорытындылау жиыны өтті. Іс-шараға жеңіл атлетика федерациясының президенті Даниал Ахметов, облыстық федерацияның басшылары, спортшылар мен федерация өкілдері қатысты.
Жиында Даниал Ахметов федерацияның атқарған жұмысы туралы есеп беріп, спорттағы бірқатар маңызды жетістіктерін атап өтті. Оның ішінде, халықаралық жарыстарда қазақстандық атлеттер көрсеткен жоғары нәтижелер мен жеңістер, сондай-ақ жеңіл атлетиканың дамуына бағытталған жаңа бастамалар айтылды.
Отырыста Даниал Ахметов өз қызметін мерзімінен бұрын тоқтататынын мәлімдеп, федерация президенттігіне даңқты жеңіл атлет, Лондон Олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакованың кандидатурасын ұсынды. Жиынға қатысушылар, соның ішінде облыс федерацияларының басшылығы мен спорт қауымдастығы О.Рыпакованың кандидатурасын бірауыздан қолдады.
Министр Ербол Мырзабосынов жеңіл атлетика федерациясын бірнеше жыл басқарған Даниал Ахметовке жемісті қызметі үшін алғыс білдіріп, президенттікке тағайындалған Ольга Рыпакованың қызметіне сәттілік тіледі.
Жеңіл атлетика - елдегі ең танымал спорт түрлерінің бірі. Қазіргі таңда 360 мыңнан астам отандасымыз дәл осы спорт түрімен кәсіби түрде айналысады. Сондықтан біз бұл спортты жаңа деңгейге көтеріп, оның халықаралық аренада танымалдылығын арттыруымыз қажет. Бүгінгі жиында федерацияның жұмысына қатысты маңызды өзгерістер болып жатыр. Федерацияны бірнеше жыл басқарған Даниал Ахметов қызметінен кетіп жатыр. Оған атқарған жұмысы үшін алғыс білдіремін. Даниал Кенжетайұлының басшылығымен біздің атлеттер халықаралық жарыстарда үлкен жетістіктерге жетті. Енді федерация президенттігіне Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова келіп отыр. Ольга Сергеевнаның отандық жеңіл атлетиканың дамуына қосқан үлесі мол. Алдағы уақытта да еліміздің жеңіл атлетика спортын биіктерге көтереді деп сенеміз", - деп атап өтті Ербол Мырзабосынов.
Жиын соңында министр Ольга Рыпаковаға еліміздегі жеңіл атлетика спортының халықаралық деңгейдегі ынтымақтастығын арттыру, спортшылардың дайындығына және резервті даярлауға ерекше көңіл бөлу қажеттігін тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
17.01.2025, 11:51Алматы облысы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің басшысы тағайындалды 17.01.2025, 12:03 1005162024 жылы 13,5 мыңнан астам қазақстандыққа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды16.01.2025, 11:53 939512024 жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 683 мыңнан аса адам қамтылды16.01.2025, 18:45 84966Астана халықаралық әуежайы қала балансына өтті16.01.2025, 18:57 84816Бектенов техникалық мамандарға арналған жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасын кеңейтуді тапсырды
30.12.2024, 17:17 153731Алматыдағы қонақ үй бизнесінің дамуы: қорытынды мен болашақ31.12.2024, 18:33 147861Qazaq Air әуекомпаниясын вьетнамдық инвесторлар сатып алды31.12.2024, 18:31 147551Ақмола облысы бойынша "Қазсушар" филиалы Сілеті су қоймасының тозған механизмдерін ауыстыру жұмысын аяқтады31.12.2024, 18:20 147061Жамбыл облысында полиция бөлімінің заманауи ғимараты ашылды31.12.2024, 18:17 136981Жаңа жыл мерекесі қарсаңында полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері күшейтілген қызмет режиміне көшті