27.03.2023, 08:18 34556
Футболдан Қазақстан құрамасы сенсациялық түрде Данияны жеңді
Сурет: Sports.kz
Достарға айту
Матч Астанада өтті
Астана. 27 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу сатысында кеше Қазақстан құрамасы өз алаңында Даниямен кездесті.
Ел құрамасы құрлықтық додада H тобында сынға түседі. Қарсыластары - Дания, Словения, Финляндия, Солтүстік Ирландия және Сан-Марино.
Кешегі кездесуде даниялық футболшылардың басымдығы байқалып тұрды. Нәтижесінде олардың қатарынан Расмус Хёйлунн 21, 36-минутта қос гол соғып, басымдықты арттырды.
Екінші кезеңде қазақстандық құраманың да белсенділігі байқалды. Қарсыластар қақпасы маңында жиі бой көрсетті. Ойынның 73-минутында даниялық футболшылар өзінің айып алаңында ереже бұзды. Қақпаға белгіленген пенальтиден Бактиёр Зайнутдинов мүлт кеткен жоқ.
Ал, 86-минутта Асхат Тағыбергеннің алыстан шірене тепкен добы қақпа торында тулап жатты. Қазірге дейін 43 ойын өткізген ол алғашқы голын соқты. Сондай-ақ, 89-минутта әуелеп келген допты Абат Айымбетов баспен қақпаға енгізді.
Осылайша, Қазақстан қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсті. Екі команда бұған дейін төрт мәрте кездескен еді. Оның барлығында даниялық футболшылар жеңіске жеткен болатын. Бұл жолы қазақстандық құрама сол кеткен есені қайтарды.
Енді Қазақстан алдағы ойынын 16 маусымда сырт алаңда Сан-Мариноға қарсы өткізеді.
Кеше Н тобында, сондай-ақ Словения - Сан-Марино, Солтүстік Ирландия - Финляндия құрамалары кездесті.
Ақпарат көзі: inform.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
12.02.2025, 15:20 62401
Астаналық спортшы тасжолдағы велоспорттан Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды
Достарға айту
Таиландтың Пхитсанулок қаласында тасжолдағы велоспорттан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Астаналық спортшы турнирдің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Елордалық спортшы Дмитрий Груздев элиталық санаттағы уақыт бойынша жекелей жарыста сынға түсті.
Осыған дейін Дмитрий Груздев ұлттық құрама сапында "элита" санатындағы аралас эстафетада (42,8 км) алтын медаль жеңіп алған болатын.
Азия чемпионатына 27 елден велошабандоздар қатысуда. Байрақты бәсеке 16 ақпанда аяқталады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.02.2025, 14:59 62696
Қазақстандық шаңғышылар 2025 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
Достарға айту
Қазақстандық шаңғышылар Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Қазақстан ҰОК баспасөз қызметінің баспасөз қызметінен.
Ерлер құрамасы 4х7,5 шақырымдық эстафетада үшінші нәтиже көрсетті. Ел қоржынына бұл медальді Константин Борцов, Наиль Башмаков, Олжас Климин және Владислав Ковалев салды.
Бірінші орынды Қытай құрамасы иеленсе, күміс жүлде Жапония спортшыларына бұйырды.
Айта кетейік, бұған дейін әйелдер құрамасы эстафетада күміс жүлдеге қол жеткізген болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.02.2025, 15:11 69181
Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Азиаданың жартылай финалына шықты
Достарға айту
Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Азиаданың жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бүгін Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында хоккейден еліміздің ерлер құрамасы ширек финалда Гонконгтан басым түсті.
Олег Болякин шәкірттері қарсылас қақпасына жауапсыз 24 шайба тоғытты.
Есеп: 24-0. Бұл осы ойындардағы ең ірі есеп.
Енді жартылай финалда біздің хоккейшілер Оңтүстік Корея/Қырғызстан арасындағы жеңімпазбен ойнайды.
Еске сала кетейік, Қазақстан топтық кезеңде Қытай, Жапония, Қытайдың Тайпей және Оңтүстік Корея командасын ұтып, ұпайдан шашау шығармаған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.02.2025, 10:36 69536
Владислав Киреев - Харбиндегі Азия ойындарының жеңімпазы атанды
Достарға айту
Владислав Киреев - Харбиндегі Азия ойындарының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Отандасымыз Владислав Киреев IX қысқы Азия ойындарында биатлоннан 10 шақырым спринтте чемпион атанды.
Бұл Қазақстан делегациясының қоржынында түскен 3-алтын медаль.
Ол жарыс жолын 29 минут, 47.4 секундта жүріп өтті. Тағы бір отандасымыз Вадим Куралес күміс жүлдеге ие болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.02.2025, 11:19 74741
Олжас Климин Харбиндегі Азиаданың қола жүлдегері атанды
Достарға айту
Олжас Климин - Харбиндегі Азиаданың қола жүлдегері, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Санаулы сəттер бұрын IX қысқы Азия ойындарында ерлер арасында 10 шақырымға еркін стильде шаңғы жарысынан бәсеке аяқталды.
Ұлттық құрама спортшысы Олжас Климин 21 минут, 20,3 секундта мәреге жетіп, үздік үштікті түйіндеді. Алтын мен күміс Жапония өкілдерінде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.02.2025, 09:50 75231
Харбиндегі кездесуде Қазақстанда биатлонды дамыту мәселелері талқыланды
Достарға айту
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин, ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Қазақстан ҰОК бас хатшысы Әлімжан Ақаев және Қазақстан биатлоншылар одағының бас хатшысы Манас Усенов Халықаралық биатлоншылар одағының (IBU) президенті Олли Даллинмен кездесу өткізді, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметінен.
Ресми іс-шара Харбиндегі Қысқы Азия ойындары аясында өтті. Кездесу барысында негізгі талқыланған мәселелер - спорттық ғылым саласындағы ынтымақтастықтың болашағы, бапкерлерге арналған білім беру бағдарламаларын кеңейту және Қазақстанда IBU аясында Әлем кубогы кезеңдерін өткізу мүмкіндігі.
Олли Даллиннің айтуынша, IBU әртүрлі бағыттар бойынша ынтымақтастыққа ашық. Оның ішінде, скандинавиялық елдер мен басқа мемлекеттер арасындағы дайындық деңгейіндегі алшақтықты азайту, сондай-ақ әлемде биатлонды дамыту үшін тең мүмкіндіктер жасау бар. Ол Қазақстан тарапына Азия биатлон конфедерациясын құрып, өңірлік жарыстар өткізгені үшін алғыс білдірді.
Өз кезегінде, ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Қазақстанда биатлонды дамыту үшін IBU-дың қолдауы аса маңызды екенін атап өтті. Әсіресе, спорт әдістемесі, ғылыми және практикалық білімдер бойынша тәжірибе алмасу бағытында. Айта кетейік, Қазақстанда IBU академиясы жұмыс істейді, онда бапкерлер мен мамандарға арналған курстар ұйымдастырылған.
Сонымен қатар Қазақстан биатлонды кеңінен насихаттау мақсатында әлемдік деңгейдегі жарыстарды өткізуге қызығушылық танытып отыр. Бұл додалар елдегі инфрақұрылымы дамыған өңірлерде IBU аясында ұйымдастырылуы мүмкін.
Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин спортты жан-жақты дамытуда халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды.
Біз Қазақстан биатлоншылар одағы мен IBU арасында бірлескен ауқымды жұмыстар атқарылғанын көріп отырмыз. Бұл жұмыстар өз нәтижесін бере бастады. Өз тарапымыздан, қазақстандық спортты сапалы дамыту мақсатында әртүрлі салалардағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін кеңейтуге, қолдау көрсетуге дайынбыз", - деп түйіндеді Геннадий Головкин.
Кездесу соңында тараптар өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.02.2025, 09:28 75456
Кёрлингтен әйелдер құрамасы айқын басымдықпен жеңіске жетті
Достарға айту
Кёрлингтен әйелдер құрамасы айқын басымдықпен жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кёрлингтен Қазақстан әйелдер құрамасы Харбиндегі қысқы Азия ойындарында Қытайдың Тайпейінен басым түсті. Есеп: 14-0.
Команда сапында Тылсымай Аллиярова, Мерей Тастемір, Ангелина Эбауер, Екатерина Колыхалова, Регина Эбауер өнер көрсетті.
Айта кетейік, әйелдер құрамасы осыған дейін Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Жапонияға жол берген.
Енді бүгін Астана уақытымен 16:00-де еліміздің әйелдер құрамасы мен жарыс қожайыны Қытай 7-сессияда кездеседі. Ал ертең Филиппин және Қатар құрамасы қарсылас болады.
Қатар өткен матчта Қытай Қатардан, ал Жапония Филиппиннен басым түсті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.02.2025, 09:20 75671
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Азия ойындарында күміс жүлдеге қол жеткізді
Достарға айту
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарында күміс жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметінен.
Біздің спортшылар аралас командалар арасындағы сайыста екінші орынға ие болды. Бұл бағдарламада ел намысын Аяна Жолдас, Шерзод Хаширбаев және Асан Асылхан қорғады.
Қорытынды есепте қазақстандық спортшылар 235,39 ұпай жинап, осы көрсеткіш оларға күміс медаль алып келді. Бірінші орынды Қытай иеленсе, Жапония үшінші орынға тұрақтады.
Айта кетейік, бұған дейін Аяна Жолдас жеке жарыста үшінші орын алған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
17.02.2025, 14:04Су ресурстары және ирригация министрлігі қоршаған ортаны қорғауға 2,5 млрд текше метр су жібереді 17.02.2025, 14:14 132176Бас прокурор президентке қадағалау органдарының басым бағыттары бойынша атқарған жұмыс қорытындылары туралы баяндалды17.02.2025, 14:53 131941Алматыда полиция қызметкерлері азаптағаны үшін сотталды17.02.2025, 15:01 131506Мемлекет басшысы Литва Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады17.02.2025, 18:18 127836ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов алғашқы жиналыс өткізді
13.02.2025, 07:57 234591Полиция алаяқтық қоңыраулардың алдын алды: 24 мыңнан астам sim-карта тәркіленді13.02.2025, 08:03 234376ШҚО бойынша "Қазсушар" филиалы тасқын суын апатсыз өткізуге дайындық бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті12.02.2025, 14:56 196441Алматыда 2040 жылға дейін жылумен жабдықтауды дамыту жоспары әзірленді11.02.2025, 15:16 153466Мемлекет басшысы Иран Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады11.02.2025, 15:02 153216Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Қазақстанның азаматтық авиация саласын 2050 жылға дейін дамытудың стратегиялық бас жоспарын әзірлейді