20.04.2023, 15:52 27426

Гроссмейстер Бибісара Асаубаева еңбек сіңірген спорт шебері атағын алды

Бибісара Асаубаева әлем мен Қазақстан әйелдер құрамалары арасындағы алғашқы кездесуде шахматтан төрт дүркін әлем чемпионы қытайлық Хоу Ифаньді жеңді
Астана. 20 сәуір. KAZAKHSTAN TODAY - Шахматтың блиц түрінен екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева "ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері" атағын алды. Бұл туралы шахматшының анасы Лиана Таңжарықова мәлім етті.
 

Бибісара шахматтан "ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері" атанды. Оған бұл атақты бүгін Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов табыстады. Айта кетейік, соңғы 30 жылда еліміз бойынша шахматтан еңбек сіңірген спорт шебері атағын ешкім алмаған", - деп мәлімдеді Лиана Таңжарықова тілші сауалына жауап бере отырып.


instagram/bibisarachess
 
Қоса кетсек, Бибісара Асаубаева - Тараз қаласының тумасы.
 
Ол бүгінге дейін әйелдер арасындағы халықаралық гроссмейстер, ерлер арасындағы халықаралық шебер атағын алған.
 
2021-2022 жылдары қатарынан екі рет әлем чемпионы атанып, әлемнің ең үздік жас шахматшысы атағына лайықты деп танылды.
 
Бұған қоса, Бибісара 2021 жылы шахматтың рапид түрінен әлем чемпиоантының күміс жүлдегері, Азия чемпионы болған.

Естеріңізге сала кетейік, Бибісара Асаубаева әлем мен Қазақстан әйелдер құрамалары арасындағы алғашқы кездесуде шахматтан төрт дүркін әлем чемпионы қытайлық Хоу Ифаньді жеңді.

Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны