13.09.2024, 15:34 4526
Көшпенділер ойынының бесінші күнінің қорытындысы
Достарға айту
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бесінші күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында 86 медаль бар, оның ішінде 33 Алтын, 25 күміс, 28 қола, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Көкпар
Көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасы Қырғызстан командасын 5:4 есебімен жеңіп, алтын жүлдеге ие болды. Ал көк бөрүден Қазақстан командасы Қырғызстан құрамасына 4:10 есебімен есе жіберіп, күміс жүлде алды.
Теңге ілу
Этноауылда теңге ілуден өткен жарыста Бекнұр Серіков - бес белес сайысынан, ал Рахат Қамбаров қос құлаш сайысынан алтын жүлде алды.
Құсбегілік
Этноауылда құсбегіліктен іріктеу және жартылай финалдық сын өтті. Ұлттық құрама спортшылары бүркіт, қаршыға және сұңқар салудан финалға шықты.
Дәстүрлі садақ ату
Арғымақ" ат-спорт кешенінде өткен дәстүрлі садақ атудан жарыс өз мәресіне жетті. Командалық сайыста Қазақстан құрамасы Аустралиядан келген садақшылардан 2:3 есебімен жеңіліп, күміс жүлдеге ие болды. Садақшылар Көшпенділер ойындарын бір алтын, екі күміс, бес қола жүлдемен аяқтады.
Көрәш
Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында татар халқының көне ұлттық белбеу күресі көрәштен ерлер арасында төрт салмақ дәрежесі бойынша жарыс өтті. Біржан Шаймерденов (90 келі) алтын жүлде алса, Әділет Шалғынбекұлы (64 келі) мен Нұрдәулет Жарылғапов (+100 келі) күміс жүлдеге ие болды. Бекнұр Бектай (75 келі) қола жүлде алды.
Ашыртмалы аба гюреші
Алау" мұз сарайында түрік халқының ұлттық күресі ашыртмалы аба гюрешінен бес салмақ дәрежесі бойынша жарыс өтті. Қазақстандық үш бірдей спортшы күміс жүлдеге ие болды. Олар Ернұр Сүлеймен (60 келі), Әділет Ахметғали (70 келі), Айдос Ғалымов (90 келі).
Ордо
Алау" мұз сарайында қырғыз халқының ұлттық ойыны ордодан Қазақстан құрамасы финалға шықты. Ақтық бәсеке 13 қыркүйек күні өтеді.
Овари
Думан" қонақ үй және спорт кешенінде Батыс Африка халықтарының зияткерлік ойыны овариден өткен жарыста Әсел Далиева алтын жүлде алса, Аңсаған Қожанәсіп қола жүлде иеленді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
17.09.2024, 14:44 956
Бектенов Президент атынан Паралимпиада жүлдегерлері мен жаттықтырушыларға мемлекеттік наградалар табыс етті
Достарға айту
Үкімет үйі ғимаратында XVII Жазғы Паралимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жаттықтырушылар құрамын марапаттау рәсімі өтті. Премьер-Министр Олжас Бектенов Президенттің атынан жоғары спорттық жетістіктері үшін мемлекеттік наградаларды табыс етті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Үкімет басшысы спортшыларды жоғары жетістіктерімен құттықтады. Биыл Қазақстанның Паралимпиада құрамасы тоғыз медаль жеңіп алып, тарихи рекорд орнатты, атап айтқанда, 2 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль алды.
Мемлекет басшысы атап өткендей, паралимпиада спортшыларының жеңістері - қашанда мақсатқа ұмтылудың, табандылық пен өз күшіне сенімнің үлгісі. Ойындар қарсаңындағы кездесуімізден кейін бүкіл ел байрақты бәсекеде көрсеткен әрбір ойындарыңызды тамашалады, сіздердің жетістіктеріңіз біз үшін ерекше мақтаныш болды. Жыл өткен сайын ерекше жандардың спортқа қатысуы артып келе жатқаны бізді қуантады. Бүгінде елімізде ерекше қажеттіліктері бар 56 мыңнан астам қазақстандық дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысады. Сіздердің әрқайсыларыңыздың көрсеткен үлгілеріңіз көптеген адамды біздің паралимпиадашылар қатарына қосылуға ынталы ететініне сенімдімін. Үкімет спортшыларға қолайлы жағдай жасап, қолдау көрсету жұмыстарын күшейтуде", - деп атап өтті Премьер-Министр. Спортшыларды Паралимпиадаға дайындауда маңызды рөл атқарған жаттықтырушылар мен тәлімгерлерге ерекше алғыс сөздер айтылды.
Өз кезегінде паралимпиада спортшылары жарыс кезінде қолдау көрсеткені үшін Қазақстан халқына алғыстарын білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.09.2024, 12:59 10241
Қазақстандық дзюдошы Паралимпиада ойындарында қола жүлдесін жеңіп алды
Достарға айту
Парижде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржыны кезекті қоламен толықты, деп жазады Olympic.kz.
J2 санатында сынға түскен пара дзюдошы Даяна Федосова Паралимпиаданың қола жүлдегері атанды.
Ол 57 келі салмақта сынға түсіп, кіші финалда түркиялық қарсыласын жеңді.
Осылаайша, Федосова Париждегі Паралимпиада ойындарының қола медалін иеленді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.09.2024, 13:09 14201
Паралимпиада-2024: Қазақстан құрамасының қоржыны алтын және қола медальдармен толықтырылды
Достарға айту
Жарыстың жетінші күнінің қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар XVII Жазғы Паралимпиада ойындарында алтын мен күмісті жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Ерлер арасында 54 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Давид Дегтярев 188 кг салмақты еңсеріп, екі дүркін Паралимпиада чемпионы атанды. Бұл - Парижде ұлттық құрама қоржынына түскен алғашқы алтын медаль.
Сондай-ақ, Ядро лақтырудан F36 санатында бақ сынаған Дастан Мұқашбеков қола медаль жеңіп алды. Оның нәтижесі - 16 метр. Бұл - Азия құрлығының жаңа рекорды.
Паралимпиаданың жетінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 1 қола жүлде бар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.08.2024, 12:20 17826
Парижде Паралимпиаданың салтанатты ашылуы өтті
Достарға айту
Бүгін Парижде 17-ші жазғы Паралимпиаданың шымылдығы ресми түрде түрілді. Салтанатты іс-шара Францияның Келісім алаңында өтті. Ашылу салтанатында Қазақстан туын волейболды отырып ойнаудан ұлттық құрама мүшесі Берік Ізмағанбетов пен пара нысана көздеуден Севда Әлиева ұстап шықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Жазғы Паралимпиада бәсекесі Франция астанасында алғаш рет өткізіліп отыр. Жарысқа 4400-ден астам спортшы қатысады. Оларға 2500 адам көмектеседі. Сайыс бағдарламасына 22 спорт түрі мен 549 дисциплина енген. Ал ойындар 11 күнге жалғасады. Биылғы бағдарламаға жаңа спорт түрлері қосылмаған. Алайда Токио-2020 ойындарының бағдарламасына енген пара бадминтон қайта ұсынылып отыр.
Париждегі Паралимпиадаға Қазақстан құрамасынан 44 спортшы сынға түседі. Бұл - ел тарихындағы рекордты көрсеткіш. Токио-2020 ойындарында ел намысын 26 спортшы қорғаған болатын. Ел спортшылары ойындарға 1996 жылдан бері тұрақты түрде қатысып келеді.
Биылғы Паралимпиадада Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары 9 спорт түрінен (пара дзюдо, пара пауэрлифтинг, пара таэквондо, пара жеңіл атлетика, пара нысана көздеу, пара үстел теннисі, пара жүзу, пара каноэ және волейболды отырып ойнау) сынға түседі. Осы жылы қазақстандық спортшылар пара үстел теннисінен және әйелдер арасында пара каноэден алғаш рет Паралимпиада лицензиясын жеңіп алды.
Ел спортшылары ертеңнен бастап жарыс жолына шығады. 29 тамызда Милана Красавцева пара таэквондодан өнер көрсетеді, ал кешке волейболды отырып ойнаудан Қазақстан құрамасы Франциямен шеберлік байқасады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.08.2024, 17:47 24776
Досаев Олимпиада ойындарының жүлдегерлерін ақшалай және тұрғын үй сертификатымен марапаттап, автокөліктердің кілтін табыс етті
Достарға айту
Алматы әкімі Ерболат Досаев Парижде өткен Олимпиада ойындарына қатысқан алматылық спортшылармен кездесті, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Шаһар басшысы спортшылар мен жаттықтырушыларды Олимпиаданың күміс жүлдегері - гимнаст Нариман Құрбановты, қола жүлдегерлер - дзюдошы Ғұсман Қырғызбаевты, боксшы Назым Қызайбайды және оқ атудан сайысқа түскен мергендер Александра Ле мен Ислам Сәтбаевты жетістіктерімен құттықтады.
Ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен алматылық спортшылардың Қазақстан қоржынына көп медаль салғаны қуантады. Таланттарыңыздың, табандылығыңыздың және еңбекқорлығыңыздың арқасында сіздер маңызды да тарихи жеңіске қол жеткізіп, халықтың ыстық ықыласына ие болдыңыздар, әлемдік спорттың дамуына үлес қостыңыздар. Сіздер сүйікті ісіңіз бен туып-өскен еліңізге деген сүйіспеншілігіңіздің жарқын үлгісісіздер", - деді Алматы әкімі.
Ерболат Досаев Нариман Құрбановқа екі бөлмелі пәтердің, ал Ғұсман Қырғызбаевқа, Назым Қызайбайға, Александра Ле мен Ислам Сәтбаевқа бір бөлмелі пәтердің сертификатын табыс етті. Сонымен қатар, спортшыларға 5 және 4 миллион теңгеден ақшалай сертификаттар және жаңа автокөліктердің кілті табысталды. Әкімдік берген тұрғын үй сертификатымен бірге Нариман Құрбановқа демеушілер есебінен тағы бір пәтер сыйға берілді.
Олимпиадада елдің намысын қорғаған барлық алматылық спортшы мен бапкерлер құрамы ақшалай сертификаттармен марапатталды.
Кездесуде олимпиадашылар алматылықтар мен бүкіл Қазақстан халқының қолдауын сезінгенін, жарыс кезінде жігерін жанып, жеңіске жетелегенін айтты. Сондай-ақ, олар қала басшысы Ерболат Досаевқа назардан тыс қалдырмай, әкімдік тарапынан көңіл бөлгені үшін алғыс білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 26 шілдесінен 11 тамызына дейін Парижде өткен XXXIII жазғы Олимпиада ойындарында алматылық спортшылар 1 күміс және 3 қола жүлде, жалпы жиыны 4 медаль жеңіп алды.
Анықтама үшін: "Astana Motors" және "Orbis Auto" компанияларының демеушілігімен Нариман Құрбанов Hyundai Santa Fe автокөлігін, Ғұсман Қырғызбаев пен Ислам Сәтбаев Hyundai Tucson кроссоверін, Назым Қызайбай мен Александра Ле Zeekr X жол талғамайтын көлігін алды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.08.2024, 17:02 24966
Бектенов 2024 жылғы XVII Паралимпиадаға қатысушыларға мемлекеттік туды табыс етті
Достарға айту
Олжас Бектенов 2024 жылғы XVII жазғы Паралимпиада ойындарына қатысушы қазақстандық спортшыларға мемлекеттік туды табыс етті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Премьер-Министр Олжас Бектенов 2024 жылғы XVII жазғы Паралимпиада ойындары қарсаңында Қазақстан құрамасы мүшелерімен кездесті.
Үкімет басшысы Паралимпиада жаттығу орталығында еліміздің спортшылары Пара ойындарының ашылу рәсімінде салтанатты түрде алып жүретін Қазақстанның мемлекеттік туын ұлттық паралимпиада құрамасына табыс етті. Жарыс 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында Парижде өтеді.
Олжас Бектенов ұлттық паралимпиада құрамасына табыс тіледі.
Паралимпиада - бұл жай ғана спорт емес, бұл адам бойындағы қайсар рух пен шексіз ерік-жігердің шынайы көрінісі. Сіздердің жеңіске деген құштарлық, бейбіт күннің батырларына тән қаһармандық қасиеттеріңіз қандай құрметке де лайық. Миллиондаған адам жанқиярлық еңбек пен өр мінезден шабыттанып, өмірдегі қиындықтарды еңсеруді үйренеді. Бүгін өздеріңізге табыс етіп отырған көк туымыз - айбынды рухымыз бен мызғымас бірлігіміздің, жарқын жеңістің нышаны. Мемлекет басшысы әлемнің ең басты спорт сайыстарында ел намысын қорғау мәртебелі міндет әрі зор жауапкершілік екенін айтты. Сіздер халықаралық аренада Қазақстанды лайықты дәрежеде танытып, елімізге жоғары нәтиже, жаңа жүлдемен оралатындарыңызға сенімдіміз", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Елімізде паралимпиада спортын дамыту үшін қажетті инфрақұрылым жасалып, жаңа жабдықталған спорт кешендері ашылды. Мамандандырылған спорт дайындық орталығы, 15 спорт клубы, 3 мектеп және спортты дамыту дирекциясы жұмыс істейді. Қолдау бағдарламалары енгізіліп, жаттықтырушылар корпусы дайындалды.
Премьер-Министр ұлттық паралимпиада құрамасының екі ту ұстаушысы - Азия Паралимпиада ойындарының жүлдегері, Қазақстан чемпионатының он дүркін жеңімпазы Берік Ізмағанбетовке (отырып ойнайтын волейбол) және Қазақстан чемпионатының жеңімпазы Севда Алиеваға (пара оқ ату) мемлекеттік туды табыс етті.
Бүгінгі күн мен үшін ерекше маңызды. Қазақстанның көк туын осындай жоғары деңгейлі жарыстарда көтеру - үлкен құрмет әрі жауапкершілік. Паралимпиада ойындарына қатысу - әрбір спортшының арманы. Біз, параспортшылар, өзіміздің ерік-жігеріміз бен күш-қуатымызды паш етіп, Қазақстанның намысын биікте ұстауға барымызды саламыз. Біздің жүрегімізде елге деген махаббат, патриоттық сезім, жеңіске деген ұмтылыс бар", - деді Берік Ізмағанбетов.
Бұл жетістікке жету үшін әрқайсымыз ұзақ жолдан өттік, көптеген қиындықты еңсердік. Бірақ, соңымызда бізге сенім артқан, әр қадамымызға қолдау білдіретін тұтас ел тұрғанын білеміз. Біз аянбай күш сынасуға дайынбыз. Паралимпиада ойындарында Қазақстанның әнұраны мақтанышпен шырқалуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға уәде береміз", - деп қосты Севда Алиева.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.08.2024, 12:29 39171
Олимпиада ойындары-2024: Қазақстан құрамасының қоржыны екі күміс медальмен толықтырылды
Достарға айту
Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының күміс медалін иеленді, деп жазады Olympic.kz.
Ерлер арасында 80 келі салмақта финалда жұдырықтасқан Оралбай финалда украиналық Александр Хижнякқа есе жіберді.
Осылайша, қазақстандық боксшы өзі қатысқан алғашқы Олимпиада ойындарында үздіктер қатарына еніп отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.08.2024, 12:10 42941
Назым Қызайбай ел қоржынына қола медаль салды
Достарға айту
Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Назым Қызайбай ел қоржынына қола медаль салды, деп хабарлайды Olympic.kz.
50 келі салмақта сынға түскен Қызайбай жартылай финалда бокстан әлем және Азия ойындарының чемпионы, қытайлық Ву Юге есе жіберді.
Осылайша, Назым Қызайбай өз мансабында тұңғыш рет, өзі қатысқан алғашқы Олимпиада ойындарында қола жүлдегер атанып отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
17.09.2024, 13:18Түркістан ерекше мәртебеге ие болады 17.09.2024, 14:30 10431Президент Орталық Азия мемлекеттері басшыларының, ГФР Канцлері және Германияның ірі бизнес өкілдерінің кездесуіне қатысты17.09.2024, 14:49 100062024 жылдың басынан бастап көпбалалы отбасылар 313 млрд теңгеден астам сомаға жәрдемақы алды17.09.2024, 14:54 9801Астанада жуырда жалға берілетін тұрғын үйге өтінімдер қабылдау басталады17.09.2024, 14:40 2926Алматы әкімдігінде реконструкцияланған Құлжа трактісін көрсетті
13.09.2024, 18:53 61196Үлбі металлургия зауыты 75 жылдығын атап өтуде13.09.2024, 18:52 60961Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жабылу салтанаты өтті13.09.2024, 15:41 60791Елордада әскери оқу-жаттығу жиындары басталды13.09.2024, 15:38 60101Бектенов Шымкентте ауыл шаруашылығы, тамақ және фармацевтика өнеркәсібінің дамуымен танысты13.09.2024, 15:31 59631Үкімет су тасқынын болжау үшін батиметриялық зерттеулерге қаражат бөлді
28.08.2024, 18:38 116626Қазақстанда бензинді сыртқа шығаруға және алманы автокөлікпен әкелуге тыйым салынды28.08.2024, 17:42 11544139 млрд теңгеден астам қаржылық заң бұзушылықтары және мемлекеттік аудит жүйесін реформалау: бұл туралы Тоқаев пен Смаилов сөз қозғады29.08.2024, 17:19 111246Алматыдағы аудандарда ҚР Конституциясы күніне орай қандай іс-шаралар өтеді29.08.2024, 17:00 107011Алматыда бейбіт жиындар мен шерулер өткізу орындары өзгерді29.08.2024, 16:57 106886Алматыда қала арқылы өтетін негізгі өзендерде көшкін қаупінің картасы әзірленеді