28.07.2021, 17:07 23826

Токио-2020: 28 шілдеге арналған қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі

Қазақстандық спортшылар жарыстың алтыншы күні Токио Олимпиадасында спорттың жеті түрінен бақ сынайды.
НҰР-СҰЛТАН. 28 ШІЛДЕ - Қазақстандық спортшылар жарыстың алтыншы күні Токио Олимпиадасында спорттың жеті түрінен бақ сынайды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Қазақстандық олимпиадашылардың 28 шілдеге арналған жарыс кестесі:
 
Садақ ату, ерлер, 1/32 финал: Санжар Мұсаев – Дапен Ван (Қытай). Басталуы: 06:30
 
Дзюдо, ерлер1/32 финал: 90 келі. Ислам Бозбаев - Рафаэл Маседо (Бразилия). Басталуы: 08:00
 
Теннис, әйелдер. Жекелей сын, ширек финал: Елена Рыбакина — Гарбинье Мугуруса (Испания). Басталуы: 08:00
 
Теннис, аралас сын. Бірінші айналым: Ярослава Шведова / Андрей Голубев — Эна Сибахара / Бен Маклахлан (Жапония). Басталуы: 08:00
 
Жүзу, ерлер. Брасс әдісі, 200 метр. Жартылай финал: Дмитрий Баландин. Басталуы: 08:21
 
Бокс, әйелдер, 1/8 финал: 75 келі. Надежда Рябец — Тамара Тибо (Канада). Басталуы: 09:03
 
Бокс, ерлер, 1/8 финал: 57 келі. Серік Теміржанов – Дюк Рэган (АҚШ). Басталуы: 09:51
 
Бокс, ерлер, 1/8 финал: 81 келі. Бекзад Нұрдәулетов – Имам Хатаев (Ресей). Басталуы: 10:39
 
Велоспорт, ерлер. Жекелей сын: Алексей Луценко. Басталуы: 11:00
 
Спорттық гимнастика, ерлер: Милад Карими. Басталуы: 16:15
 
ҰОК ақпараты бойынша, қазақстандық садақшы Санжар Мұсаев алғашқы айналымда қарсыласына есе жіберді. Қытай спортшысы Дапенг Вонгпен сынға түскен ол 6:4 есебімен қарсыласына жол берді. Айта кетерлігі, осыған дейін жеке сайыс бойынша Денис Ганькин де жарыс жолынан шығып қалған болатын. 
 
Сондай-ақ, Токио Олимпиадасында дзюдо бойынша жарыстар жалғасып жатыр. Ерлер арасында 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ислам Бозбаев бразилиялық Рафаель Македомен кездесті. Отандасымыз қарсыласын небәрі 31 секундта "иппон" ұпайымен жеңіп, келесі айналымға шықты. Екінші айналымда оның қарсыласы әзірбайжандық Мамадали Мехдиев болмақ.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны