04.08.2021, 19:35 8897

Токио-2020: 4 тамызға арналған қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі

Бүгін қазақстандық спортшылар Токио Олимпиадасында спорттың бес түрі бойынша бақ сынайды.
ТОКИО. 4 ТАМЫЗ - Бүгін, 4 тамыз күні, қазақстандық спортшылар Токио Олимпиадасында спорттың бес түрі бойынша бақ сынайды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Еркін күрес шеберлері мен велошабандоздар ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындарындағы жолын бастаса, боксшылар жартылай финалда, ескекшілер іріктеу кезеңінде бақтарын сынайды. 
 
Байдарка мен каноэде есу. Ширек финал/Іріктеу кезеңі. Маргарита Торлопова (С-1, 200 м). Басталуы: 07:12. Наталья Сергеева (К-1, 500 м). Басталуы: 07:47
 
Еркін күрес. Ерлер. 57 келі. Нұрислам Санаев. Басталуы: 08:30
 
Бокс. Жартылай финал. 91 келіден жоғары салмақ дәрежесі. Қамшыбек Қоңқабаев. Басталуы: 15:18
 
Велотрек. Ерлер. Спринт. Іріктеу. Сергей Пономарев. Басталуы: 13:36
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны