10.03.2021, 19:50 10889

Тоқаев ҰҚШҰ-ның даму перспективалары жөнінде бірқатар ұсыныстар айтты

Президент Қазақстан тарапының ҰҚШҰ шеңберінде саяси ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және оның әлеуетін арттыруға дайын екенін атап өтті.

Нұр-Сұлтан. 10 наурыз. Kazakhstan Today - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Бас хатшысы Станислав Засьті қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Бас хатшысы Мемлекет басшысын ұйымның қазіргі жағдайы мен даму болашағы туралы хабардар етті. Кездесу барысында халықаралық ұйым қызметінің негізгі бағыттары бойынша ауқымды мәселелер қаралды.

Станислав Зась ҰҚШҰ Бас хатшысының бітімгершілік мәселелері жөніндегі арнайы өкілі институтын құру, Қазақстан Президентінің бастамасын іске асыру бойынша ұйым хатшылығы жүргізіп жатқан жұмыс туралы баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев ұйымның алдағы дамуына байланысты бірқатар ұсыныстар айтып, Қазақстан тарапының ҰҚШҰ шеңберінде саяси ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және оның әлеуетін арттыруға дайын екенін атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны