22.09.2021, 17:37 6037

ТМД-да қарулы күштердің бірлескен байланыс жүйесі құрылады

Бірлескен байланыс жүйесінің ұйымдық-техникалық құрылымын қалыптастыру, оны құру және жұмыс істеу қағидаттары Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы үкіметтері басшыларының кеңесі бекітетін Ережеде айқындалады.
НҰР-СҰЛТАН. 22 ҚЫРКҮЙЕК - Мәжіліс Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің бірлескен байланыс жүйесі туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Келісімге сәйкес Тараптар Келісімге қатысушы мемлекеттердің қарулы күштері арасындағы өзара іс-қимылды дамыту мақсатында ТМД-ға қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің бірлескен (біріккен) байланыс жүйесін құрады.
 

Бірлескен байланыс жүйесінің ұйымдық-техникалық құрылымын қалыптастыру, оны құру және жұмыс істеу қағидаттары Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы үкіметтері басшыларының кеңесі бекітетін Ережеде айқындалады", - делінген қорытындыда.

 
Сонымен қатар, "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің бірлескен гуманитарлық минасыздандыру инженерлік бөлімшесі туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасы мақұлданды.
 
Келісім Достастыққа қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің бірлескен гуманитарлық минасыздандыру инженерлік бөлімшесін қалыптастыру, қолдану және оның қызметін аяқтау тәртібін, оның қабылдаушы/транзиттік Тараптың аумағындағы мәртебесін, сондай-ақ әскери қызметшілердің гуманитарлық минасыздандыруды жүргізу кезеңіндегі мәртебесін айқындайды.
 
Келісімде ТМД-ға қатысушы мемлекеттер болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтарында гуманитарлық минасыздандыру міндеттерін орындауға Бірлескен бөлімшені тарту мүмкіндігі көзделген.
 
Бұл ретте, қорытындыда атап өтілгендей, Қазақстан Республикасы мұндай бағыт БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мандатына сәйкес ғана мүмкін болады деп есептейді. Осыған байланысты, Келісімге ескертпемен қол қойылды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны