13.05.2022, 16:25 26836

Тоқаев ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының кездесуіне қатысады

Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы 16 мамырда Кремльде өтеді.
Тоқаев ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының кездесуіне қатысады
Сурет: odkb-csto.org
МӘСКЕУ. 13 МАМЫР - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ елдерінің саммитіне қатысады. Бұл туралы Ұйымның Парламенттік ассамблеясының баспасөз қызметі жария етті.
 
Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы ұжымдық қауіпсіздік шартына қол қойылғанына 30 жыл және ҰҚШҰ құрылғанына 20 жыл толуына орай 16 мамырда Кремльде өтеді.
 
Жиынға Армения Премьер-Министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Ресей Президенті Владимир Путин және Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қатысады.
 
Сондай-ақ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Зась та қатысады. 
 

ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің мүшелері ұйымның жауапкершілік аймағындағы жағдайды, оның даму перспективаларын талқылап, ҰҚШҰ-ның мерейтойына арнап мәлімдеме қабылдайды", - делінген ҰҚШҰ хабарламасында.

 
2022 жылы ҰҚШҰ-ға Армения Республикасы төрағалық етіп жатыр.
 
Ақпарат көзі: azattyq-ruhy.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны