13.06.2022, 16:38 13626

Бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры болды

Бұйрық 2022 жылдың 13 маусымында жарияланды.
Бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры болды
Сурет: kaznmu.edu.kz
АЛМАТЫ. 13 МАУСЫМ - Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ге жаңа ректор тағайындалды.
 

Қазақстанның денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен "С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті" КЕАҚ басқармасына жаңа ректор тағайындалды. ҚазҰМУ-ды бұдан былай Марат Едігеұлы Шоранов басқарады. Бұйрық 2022 жылдың 13 маусымында жарияланды", - делінген хабарламада.

 
Марат Шоранов 1975 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
 
Қазақ мемлекеттік медицина университетін, Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығын, Эмори университетін бітірген.
 
2013-2017 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.
 
2017-2019 жылдары - Шығыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы, басшысы.
 
2019 жылы - Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
 
2020 жылғы маусымнан бастап осы уақытқа дейін ҚР денсаулық сақтау бірінші вице-министрі қызметін атқарды.
 
Ақпарат көзі: tengrinews.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны