09.01.2023, 10:16 27421

Мадалиев ҚР әділет вице-министрі қызметінен босатылды

Ол басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен кетті
Астана. 9 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - ҚР Үкіметінің қаулысымен Алмат Құрманғазыұлы Мадалиев басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР әділет вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Алмат Құрманғазыұлы Мадалиев 1986 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және Джордж Вашингтон Университеті жанындағы Заң мектебін (АҚШ) тәмамдаған.

Еңбек жолын 2004 жылы "Жастар таңдауы" ҚҚ заңгер болып бастаған.

2009-2010 жылдары Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

2010 жылғы қазан айынан бастап ҚР Әділет министрлігінің құрылымында жұмыс істеді.

2019 жылдың наурыз айынан бастап - ҚР әділет вице-министрі.

Естеріңізге сала кетейік, Азамат Есқараев ҚР Әділет министрі болып тағайындалды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны