13.02.2023, 11:14 26261

Ахметова Ақерке әділет вице-министрі қызметінен кетті

Ахметова 2019 жылдың қыркүйегінен бастап әділет вице-министрі қызметін атқарған болатын
Астана. 13 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ақерке Естайқызы Ахметова басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР әділет вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

Ақерке Ахметова 1975 жылы туған.

1996 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын тәмамдаған.

1998 жылы Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

2014 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында білімін жетілдірді.

2017 жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша Ұлыбританияда Sheffield университетінде оқыды.

Мансап

1991-2000 жылдары коммерциялық секторда жұмыс істеді.

2000-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің халықаралық шарттардың жобаларын сараптау бөлімінің бас маманы, бастығы, департамент директорының орынбасары болып қызмет атқарды.

2015-2017 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Халықаралық құқық және ынтымақтастық департаментінің директоры болып қызмет атқарды.

2018 жылдың наурызынан бастап 2019 жылдың қыркүйегіне дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау Департаментінің директоры қызметін атқарды.

2019 жылдың 18 қыркүйек айынан бастап осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі қызметін атқарған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны