17.02.2023, 17:37 44281
ЕАЭО-да кедендік баждарды бөлу тәртібі туралы келісімді Қазақстан ратификациялады
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
ЕАЭО-да кедендік баждарды бөлу тәртібі туралы келісімді Қазақстан ратификациялады
Астана. 17 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Республикасы Еуразиялық экономикалық одақта кедендік баждарды бөлу тәртібі туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы "Кедендік әкелу баждарының (балама қолданылатын өзге де баждар, салықтар мен алымдар) сомаларын есепке жатқызу және бөлу, оларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер бюджеттерінің кірісіне аудару тәртібін сақтау мәселелері бойынша бірлескен бақылау іс-шараларын өткізу туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, келісімді ратификациялау Одақ қызметінің негізгі реттеуші тетіктерінің бірі ретінде кедендік әкелу баждарының (баламалы әрекеті бар өзге де баждар, салықтар мен алымдар) сомаларын есепке алу және бөлу тәртібін жетілдіруге, сондай-ақ бюджет қаражатының заңдылығы мен уақтылы қозғалысын бақылауды қамтамасыз етуге қызмет етеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
08.01.2025, 16:14 15386
Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2025 жылға арналған өңірлік квотасы бекітілді
Достарға айту
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2025 жылға арналған өңірлік квотасы 9 653 адам деп белгіленді, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 170 адамға артық, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.
Бұйрықтың мақсаты Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындайтын өңірлерде қандастар мен қоныс аударушыларды оңтайлы қоныстандыру. 2025 жылы өңірлік квота облыстар бойынша төмендегідей бөлінді:
- қандастар үшін: Павлодар облысы - 1 056 адам, Ақмола облысы - 285 адам, Шығыс Қазақстан облысы - 269 адам, Абай облысы - 244 адам, Солтүстік Қазақстан облысы - 175 адам, Қостанай облысы - 150 адам, Атырау облысы - 100 адам, Батыс Қазақстан облысы - 30 адам;
- қоныс аударушылар үшін: Павлодар облысы - 3 050 адам, Солтүстік Қазақстан облысы - 2 969 адам, Қостанай облысы - 535 адам, Шығыс Қазақстан облысы - 372 адам, Абай облысы - 255 адам, Ұлытау облысы - 125 адам, Қарағанды облысы - 38 адам.
Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген адамдарға мемлекеттік қолдау шарасы көрсетілетін болады, атап айтқанда:
- көшуге субсидиялар - отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК бойынша біржолғы төлем;
- 12 ай ішінде бір отбасына 15-тен 30 АЕК-ке дейін төленетін тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды жабу үшін субсидиялар;
- 400 АЕК мөлшерінде қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушілер үшін субсидиялар;
- қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жолдама;
- жұмысқа орналасуға немесе кәсіпкерлік бастаманы дамытуға жәрдемдесу;
- тұрғын үй сатып алуға экономикалық мобильділік сертификаттарын беру.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы 19,7 мыңнан астам этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды.
1991 жылдан бастап 2025 жылғы 1 қаңтар аралығында 1 млн 148 мың астам этникалық қазақ тарихи отанына оралды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.01.2025, 16:10 15601
2025 жылы Қазақстандағы шетелдік жұмыскерлерге тартуға квота жұмыс күшінің 0,2 %-ын құрайды
2025 жылы үй шаруашылықтарында жұмыс істеу үшін еңбек көшіп келушілерді тартуға арналған квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 3% мөлшерінде белгіленген
Достарға айту
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында жыл сайын жұмыс берушілердің қажеттіліктері бойынша Қазақстанға шетелдік жұмыс күшін (бұдан әрі - ШЖК) тартуға квота мөлшерін бекітіп, бөледі. 2025 жылы бөлінген жалпы квота саны еліміздегі жұмыс күшінің 0,2% мөлшерінде белгіленді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
2025 жылы ШЖК-ны жұмысқа тарту бойынша 4 санатта квота бөлінді: бірінші санат бойынша 649 рұқсат (басшылар және олардың орынбасарлары), екінші санат - 3 254 рұқсат (құрылымдық бөлімшелердің басшылары). Рұқсаттардың негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады - тиісінше 5 718 және 1 161 бірлік. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 4 097 адамға дейін жұмыс күші тартылуы мүмкін.
Бұдан басқа, 2025 жылы үй шаруашылықтарында жұмыс істеу үшін еңбек көшіп келушілерді тартуға арналған квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 3% мөлшерінде белгіленген.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы жергілікті атқарушы органдар жұмыс берушілерге ШЖК тарту үшін 14,5 мың рұқсат берді және ұзартты, бұл белгіленген квотаның 66% - ын (22 мың) құрады.
Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша 13 233 шетел азаматы жұмыс істейді.
2024 жылы үй шаруашылықтарында жұмыс істеу үшін еңбек көшіп келушілерді тартуға 294,1 мың бірлік квота белгіленді. Ал жергілікті атқарушы органдар 292 668 рұқсат берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.01.2025, 16:06 15816
39 мыңнан астам адам - бұл Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жетекшілік ететін салалар бойынша кадрларға деген қажеттілік
Достарға айту
39 мыңнан астам адам - бұл Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жетекшілік ететін салалар бойынша кадрларға деген қажеттілік. Бұл деректерді министр Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында айтты.
Оның айтуынша, ең үлкен тапшылық құрылыс пен сумен жабдықтауда (17 мыңнан астам маман қажет), сондай-ақ өңдеу өнеркәсібінде (6,8 мың), металлургияда және тау-кен өндірісінде (4,6 мың) байқалады.
Аталған мәселені шешу үшін Жаңа мамандықтар атласына 75 жаңа мамандық енгізілді. Мысалы, роботтандырылған тау-кен техникасының операторы, виртуалды прототиптеу жөніндегі маман және "Ақылды үй" жобалаушысы. Бизнес-процестерді автоматтандыру үдерісінде 40-тан астам мамандық түрлендірілді.
Биыл индустрияландыру картасының 190 жобасы шеңберінде машина жасауда 8 жаңа мамандық пайда болады: 3D-басып шығару және дәнекерлеу жөніндегі инженер, роботтандырылған бояу жүйелерінің операторы және басқалары бар. Олар Алматы мен Қостанайдағы негізгі өндірістік жобаларда жұмыс істейтін болады.
336 кәсіпті қамтитын сегіз салада жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, 60 кәсіптік стандарттарды әзірлеу және өзектендіру бойынша жұмыс жүргізілуде.
Өнеркәсіп саласында дуальды оқытуды пайдалана отырып, кадр даярлау 284 колледжде жүргізіледі, 700-ден астам кәсіпорын жұмылдырылған. Шарттар мен меморандумдар шеңберінде олар 30-дан астам білім беру бағдарламасын іске асыруда. Жыл сайын 13 мыңнан астам жас маман тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіледі.
Геолог мамандығын дәріптеу мақсатында "Жас геолог" қоғамдық қоры құрылды, "Еңбек сіңірген геолог" наградасы ведомстволықтан мемлекеттік мәртебеге қайта ауыстырылды. Құрылыс саласында да жұмыс жүргізілуде.
2019 жылдан бастап Отбасы банкі жұмысшыларды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету жөніндегі корпоративтік бағдарламаны іске асыруда. Соңғы 2 жылда кәсіпорындардың 122 қызметкері пәтер кілтіне ие болды. Ауылдан кадрлардың кетуін азайту үшін өз қызметкерлеріне тұрғын үй салған жұмыс берушілердің шығындары субсидияланады. Сонымен қатар 400-ден астам маман "Қазақстанның құрылыс салушылар қауымдастығы" және BI University біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Өткен жылы WorldSkills Kazakhstan чемпионатында 108 жеңімпаз еліміздің жетекші компанияларынан жұмысқа орналасу туралы ұсыныстар алды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.01.2025, 15:35 16746
Тоқаев Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасарының алдына бірқатар міндеттер қойды
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дархан Сатыбалдыны қабылдады, деп хабарайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Президент кездесу барысында Дархан Сатыбалдының Түркістан облысында атқарған жұмысына жоғары баға берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары лауазымы басқару процесі мен аймақтар арасындағы ықпалдастықты жетілдіру, өзінің тапсырмалары мен шешімдерінің жергілікті жерде орындалу барысына бақылауды күшейту, сондай-ақ қабылданған шаралардың сапасын жақсартып, азаматтардың мемлекеттік институттарға сенімін нығайту мақсатында енгізіліп отырғанын атап өтті.
Сонымен қатар Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасарына нақты міндеттер жүктелді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.01.2025, 11:37 17406
Соңғы екі жылда ұйымдасқан қылмыстық топтар бойынша 120-дан астам қылмыстық іс қозғалды
Достарға айту
Ішкі істер министрлігі қоғамда заң мен тәртіпті қамтамасыз ету, қылмысқа қарсы күрес жүргізу бағытында жұмыстарын жалғастыруда, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Соңғы екі жылда ұйымдасқан қылмыстық топтарды құру, басқару және оларға қатысу фактілері бойынша 120-дан астам қылмыстық іс тіркелді, соның ішінде 13-і трансұлттық қылмыстық топтарға қатысты.
Қылмыстық кодекстің әртүрлі баптары бойынша 600-ден астам қылмыскер жауапкершілікке тартылды.
Халықаралық іздестіруде болған ұйымдасқан қылмыстық топтардың 27 мүшесі, яғни "қылмыс әлемінің беделділері" ұсталды.
Жақын шет елдерден келген алты "заңдағы ұрының" Қазақстан аумағында болуының алдын алынды.
ІІМ ҰҚК-мен бірлесіп, бопсалау және басқа да ауыр қылмыстарды жасаған 160 қылмыстық топтың заңсыз әрекетін тоқтатты. Бопсалау фактілері бойынша барлығы 1300-ден астам қылмыстық іс қозғалды. 400-ден астам адам саудасымен байланысты қылмыстар анықталды.
Министрлік ұйымдасқан қылмыстық топтармен күресті жалғастырады және бұл бағытта нақты шаралар қабылданатын болады", - деп атап өтті ведомствода.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.01.2025, 17:02 63541
Президент құрылыс индустриясы нысандарымен танысты
Достарға айту
Президент құрылыс индустриясы нысандарымен танысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Asyl Qala, бұл - 100-ден астам адам еңбек ететін арнаулы кәсіпорын. Жобаға құйылған инвестиция көлемі 8 миллиард теңгені құрайды. Кәсіпорынның қуаты тәулігіне 4500 шаршы метр тротуар жабындысын өндіруге жетеді. Құрылыстың екінші кезеңі аяқталған соң бұл көрсеткіш 9000 шаршы метрге дейін ұлғаяды.
Бүгінде аталған кәсіпорында шығарылған өнімдер Астана және еліміздің басқа да қалаларында пайдаланылады.
Бұдан кейін Мемлекет басшысы автоклавты газ блоктарын шығаратын Uniton зауытымен танысты. Sensata Group құрылыс компаниясына қарасты кәсіпорын жылына 150 мың шаршы метр газ блоктарын өндіре алады. Жоба "Даму" қоры және Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы қаржыландырылған. 110 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев құрылыс индустриясы экономиканың маңызды бағыты екенін атап өтіп, жергілікті өнім көлемін арттыру қажеттігін айтты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.01.2025, 12:51 63756
Мемлекет барлық әлеуметтік міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді
Достарға айту
Мемлекет барлық әлеуметтік міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді, деп мәлім етті ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
2024 жылы әлеуметтік қамсыздандыруға 5,4 трлн теңге бөлінді, оның ішінде зейнетақы төлеуге 3,8 трлн теңге қарастырылды. Барлық әлеуметтік төлемдерге (зейнетақылар мен жәрдемақылар) арналған шығыстар республика бюджетінің барлық шығыстарының 21,8 %-ын құрады.
Мемлекет 2024 жылы мүгедектігі және асыраушысынан айырылуы бойынша 614 млрд теңгеге жәрдемақы төледі. Сонымен қатар, көпбалалы отбасыларды қолдауға 472,9 млрд теңге бөлді.
2025 жылы халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді орындау үшін 6 трлн теңгеқарастырылғын, алушылар саны шамамен - 5 млнадам.
Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері өсті.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылар мен базалық зейнетақы төлемдерінің барлық түрінің мөлшері ҚР Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 6,5%-ға, ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға, яғни инфляция деңгейінен 2% - ға оза отырып ұлғайтылды.
Бұдан басқа Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төмен базалық зейнетақыны ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 %-на дейін, ең жоғары - 120 %-ға дейін жыл сайын кезең-кезеңімен арттыру жүзеге асырылады.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың ұлғаюының бірнеше үлгісі:
- 1, 2, 3 бала туғанда берілетін жәрдемақы 140 мың теңгеден 149 мың теңгеге дейін, 4 және одан да көп бала туғанда берілетін жәрдемақы - 233 мыңтеңгеден 248 мың теңгеге дейін ұлғайды;
- мөлшері балалар санына байланысты берілетін көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы 4 баласы бар отбасылар үшін 59 мың теңгеден 63 мың теңгеге дейін, 10 баласы бар отбасылар үшін - 148 мың теңгеден 157 мың теңгеге дейін артты;
- I топ мүгедектігі бар адамдарға арналған жәрдемақы 95 мың теңгеден 102 мың теңгеге дейін, II топ - 76 мың теңгеден 81 мың теңгеге дейін, III топ - 52 мың теңгеден 55 мың теңгеге дейін өсті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.01.2025, 12:49 66531
Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызметтерді лицензиялау басталды
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін барлық меншік нысанындағы ұйымдар лицензияланады
Достарға айту
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтерді (бұдан әрі - АӘҚ) лицензиялау енгізілді. Бұл оларды көрсету сапасын жақсартуға жағдай жасайды және осы саладағы бұзушылықтар санын азайтуға оң ықпал етеді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Лицензиялауды енгізу арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін жаңғырту кезеңдерінің бірі болып табылады және ол: көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға; көрсетілетін қызметті алушылардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғауға кепілдік беруге; АӘҚ ұсынатын ұйымдар үшін бірыңғай стандарттарды белгілеуге бағытталған.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін барлық меншік нысанындағы ұйымдар лицензияланады.
Лицензия алудың негізгі шарттары: санитарлық нормалар мен Өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес келетін арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге жарамды ғимараттың болуы; қажетті материалдық-техникалық базаның және қызметкерлер құрамының болуы; халықтың жүріп туруы шектеулі топтары үшін ғимараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету және басқалар.
2024 жылдың қазан айынан бастап ҚР ЕХӘҚМ Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық департаменттері лицензия алды талдау жүргізді, жергілікті атқарушы органдармен және ҮЕҰ-мен бірлесіп, АӘҚ көрсететін барлық ұйымдарды лицензиялауға дайындау мәселелері пысықталды.
Лицензия алуға өтінім Әлеуметтік қызметтер порталы (aleumet.egov.kz) арқылы беріледі.
Лицензиялау көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру, мүгедектігі бар адамдарды және көрсетілетін қызметті алушылардың өзге де санаттарын әлеуметтік оңалтудың тиімділігін көтеру үшін жағдайлар жасайды, сондай-ақ осы саладағы бұзушылықтар санын азайтуға оң ықпал етеді
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
08.01.2025, 11:37Соңғы екі жылда ұйымдасқан қылмыстық топтар бойынша 120-дан астам қылмыстық іс қозғалды 08.01.2025, 15:35 15881Тоқаев Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасарының алдына бірқатар міндеттер қойды08.01.2025, 16:06 1495139 мыңнан астам адам - бұл Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жетекшілік ететін салалар бойынша кадрларға деген қажеттілік08.01.2025, 16:10 147362025 жылы Қазақстандағы шетелдік жұмыскерлерге тартуға квота жұмыс күшінің 0,2 %-ын құрайды08.01.2025, 16:14 14521Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2025 жылға арналған өңірлік квотасы бекітілді
06.01.2025, 12:49 65666Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызметтерді лицензиялау басталды06.01.2025, 12:51 62891Мемлекет барлық әлеуметтік міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді06.01.2025, 17:02 62676Президент құрылыс индустриясы нысандарымен танысты06.01.2025, 12:27 57756Аграрлық колледжге Павлодарда заңсыз іріктелген жер учаскесі қайтарылды06.01.2025, 12:21 523812024 жылы Қазақстанда рекордтық көлемде төлқұжат шығарылды
30.12.2024, 17:17 150906Алматыдағы қонақ үй бизнесінің дамуы: қорытынды мен болашақ31.12.2024, 18:33 144421Qazaq Air әуекомпаниясын вьетнамдық инвесторлар сатып алды31.12.2024, 18:20 144261Жамбыл облысында полиция бөлімінің заманауи ғимараты ашылды31.12.2024, 18:31 144146Ақмола облысы бойынша "Қазсушар" филиалы Сілеті су қоймасының тозған механизмдерін ауыстыру жұмысын аяқтады31.12.2024, 18:17 134176Жаңа жыл мерекесі қарсаңында полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері күшейтілген қызмет режиміне көшті