25.01.2023, 14:46 19886

ҚТЖ-да су тасқынымен күресу үшін 45 арнайы пойыз құрылды

ҚТЖ-да су тасқынымен күресу үшін 45 арнайы пойыз құрылды
Сурет: gov.kz
Сондай-ақ көлік құралдары, дрезиналар, автотракторлық техника дайындалуда және жанар-жағармай материалдарының апаттық қоры құрылуда

Астана. 25 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ алдағы көктемгі су тасқынына қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді.

Су тасқыны кезеңінде темір жол инфрақұрылымының шайылуы мен зақымдануының алдын алу және жою үшін "ҚТЖ" ҰК" АҚ желісінде кесек таспен, рельсті пакеттермен, кондициялық емес темірбетонды шпалдармен және басқа да материалдармен жарақтандырылған жууға қарсы 45 пойыз қалыптастырылатын болады. Қазіргі уақытта су бұру арналары мен су өткізгіш құбырларды, дренаждық құдықтарды қардан тазарту бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде. Көлік құралдары, дрезиналар, автотракторлық техника дайындалуда. Жанар-жағармай материалдарының апаттық қоры құрылады", - деп хабарлады ұлттық компанияның баспасөз қызметі.


Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар мен төтенше жағдайлар басқармалары өкілдерімен бірлесіп теміржолшылар темір жолдар төсеміне тікелей жақын орналасқан бөгеттер мен су қоймаларын тексереді.

Су тасқыны кезеңінде су басуы мүмкін учаскелер үнемі бақылауда болады. Көпжылдық бақылаулар нәтижелері бойынша теміржолда 670 жуық ықтимал қауіпті орындар бар. Бұл учаскелер тізімін локомотив бригадалары мұқият зерттейді. Олармен жер төсемінің жуылуы және деформациялануы ықтимал жерлерде пойыздарды жүргізу бойынша қосымша нұсқамалар беріледі", - деп хабарлады ҚТЖ.


Бұған дейін төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қазақстанның көптеген облыстары су тасқыны маусымына дайын емес екенін айтқан болатын. Тәуекелдері жоғары өңірлерге Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары және Абай, Жетісу облыстары жатады.

Ведомство басшысының айтуынша, өткен жылғы су тасқынының өтуін талдау қорытындысы су басудың негізгі себептері өзен арналарының толып кетуі мен балдырлануы, дренаждық-арық жүйелерінің болмауы, су қорғау белдеулерінде үйлер салу екенін көрсетті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны