09.09.2021, 20:41 9437

Жамбыл облысында қалпына келтіру жұмыстарын 10 қарашаға дейін аяқтау жоспарлануда

ТАРАЗ. 9 ҚЫРКҮЙЕК - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың Байзақ ауданында болған төтенше жағдайдың салдарын жою жөніндегі есебін телефон арқылы тыңдады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Әкімнің айтуынша, ТЖ нәтижесінде барлығы 122 жылжымайтын мүлік объектісі, оның ішінде 106 тұрғын үй, 12 коммерциялық және 4 әлеуметтік объект зардап шекті. Қазіргі уақытта 12 мердігерлік ұйым жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына кірісті. 23 техника мен 185 жұмысшы жұмылдырылды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды.
 

Бүгінге дейін 62 тұрғын үй жөнделген. Жалпы қайта қалпына келтіру жұмыстарын 10 қарашаға дейін аяқтау жоспарланып отыр. Жібек жолы ауылындағы қираған №5 орта мектептің орнына жаңа мектеп салынады", - деді Сапарбаев.

 
Бердібек Сапарбаевтың мәліметі бойынша, 26 адам стационарда ем алып жатыр. Олардың 15-і госпитальда емделіп жатқан әскери, полиция және Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің қызметкері.
 
Жарылыстан қаза болғандардың отбасыларына материалдық көмек көрсетілуде, сондай-ақ зардап шеккен отбасылардың жұмыссыз мүшелерін жұмысқа орналастыру мәселесі шешіліп жатыр. Екінші деңгейлі банктерге қарызы бар мұндай отбасылардың кредиттерін өтеу мәселесі толық шешілген.
 
Еске сала кетейік, Жамбыл облысында төтенше жағдай 26 тамызда болған. Жарылыс пен өрт 16 адамның өмірін қиды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны