13.07.2021, 23:04 7395

Ақмола облысында Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған көрме ашылды

КӨКШЕТАУ. 13 ШІЛДЕ - "Көкшетау - Қазақстанның мәдени астанасы" жол картасы аясында Ақмола облыстық Мәлік Ғабдуллин музейінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған "Алты алаштың Жамбылы" атты жылжымалы көрме ашылды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Көрмені облыстық Мәлік Ғабдуллин музейі мен Жамбыл Жабаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі бірлесіп ұйымдастырды, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.
 
Көрменің ұйымдастырушылары атап өткендей, іс-шараның негізгі мақсаты қазақтың көрнекті ақыны, халық ауыз әдебиетінің шебері Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау, фольклоршы, академик, Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллиннің және Жамбыл Жабаевтың бай рухани мұрасын өскелең ұрпақ арасында танымал ету болып табылады.
 
Көрмеде Жамбыл Жабаевтың жеке заттары, шапандары, домбырасы, кітаптары, суреттері мен портреттері қойылған 50-ден астам экспонат қойылған. 
 
Іс-шараға қатысушылар мен қонақтар қатарында ақынның немересі, Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалдық музейінің меңгерушісі Салтанат Жамбылова мен шөбересі, музей қорының бас сақтаушысы Қарлығаш Тезекбай болған.
 
Жиналғандарға Ақмола облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова құттықтау сөз сөйледі.
 

2021 жылы Көкшетау Қазақстанның мәдени астанасы болып жарияланды. Жыл бойы еліміздің түкпір-түкпірінен мәдениет және өнер мекемелері Көкшетауға келіп, өз жетістіктерін насихаттайды, көрмелер, концерттер ұйымдастырады, театр сахналарында спектакльдер көрсетеді. Осы мәдени үдерісті жалғастыра отырып, бүгін облыс орталығында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына және қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған "Алты алаштың Жамбылы" жылжымалы көрмесі ашылды. Алматы облысының мәдениет қызметкерлеріне, Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалдық музейінің ұжымына көрмені ұйымдастырғаны үшін зор алғысымды білдіремін", - деді Айгүл Сәбитова.

 
Көрме бірнеше күн бойы Көкшетау тұрғындары мен қонақтары үшін тегін және ашық болады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны