22.09.2022, 16:15 35776

Президент Қазақстан халқы Ассамблеясының 2022-2026 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын бекітті

Тұжырымдама Ассамблеяның қазақстандық қоғамда бейбітшілік пен келісім саясатын қамтамасыз етудің түйінді идеологиялық тетіктерінің бірі ретінде жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған.
Президент Қазақстан халқы Ассамблеясының 2022-2026 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын бекітті
АСТАНА. 22 ҚЫРКҮЙЕК - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 2022-2026 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын бекітті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесіне сілтеме жасап.
 

Тұжырымдама Ассамблеяның қазақстандық қоғамда бейбітшілік пен келісім саясатын қамтамасыз етудің түйінді идеологиялық тетіктерінің бірі ретінде жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған", - делінген Жарлық мәтінінде.

 
Тұжырымдама азаматтық қоғам институттарының, мемлекеттік органдардың, ғылыми және шығармашылық зиялы қауымның, жастардың қоғамды интеграциялау, қоғамдық келісім мен Қазақстан халқының бірлігін нығайту мәселелері бойынша кең ауқымды өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үшін Ассамблеяны әлеуметтік және ақпараттық алаң ретінде дамытуға ықпал ететін болады.
 

Тұжырымдама этностарды интеграциялау, қазақстандық бірегейлік пен жалпыұлттық бірлікті дамыту, қоғамда бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету салаларындағы мемлекеттік саясат қағидаттарын қоғамда түсіндіру мен іске асыру бойынша жүйелі жұмысты ұйымдастыруға бағытталған", - делінген құжатта.

 
Этносаралық саладағы мемлекеттік саясат жүйесінде Ассамблеяны, оның институттарын мынадай түйінді бағыттар бойынша институционалдық және инфрақұрылымдық нығайту жалғасатын болады:
 
  • кез келген сыртқы қақтығыс әлеуетін Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және оның азаматтарына ығыстыра салу әрекеттеріне қарсы жүйелі іс-қимылды қамтамасыз ету бойынша Ассамблеяның шетелдік әріптестерімен өзара іс-қимылын ұйымдастыру;
  • этносаралық ахуалдың шиеленісуіне, этникалық кеңістікке ұласуы мүмкін қақтығыстарға жедел ден қою женінде құқық қорғау органдарымен бірлескен жұмысты жандандыру және жаңғырту, сондай-ақ олардың профилактикасы және жолын кесу жөніндегі алдын алу шаралары жүйесін құру;
  • этносаралық өзара іс-қимыл мен келісімді нығайтудың маңызды құралы ретінде Ассамблеяның қызметін жандандыру арқылы барлық этноәлеуметтік топтарды біртұтас азаматтық ұлтқа интеграциялау жөніндегі көпжоспарлы жұмысты, сондай-ақ оның барлық институттарының қоғамдағы бірлік пен келісім саясаты, этностарды интеграциялау, қоғамда мемлекеттік тілді этносаралық қарым-қатынас тілі ретінде дамыту мәселелері бойынша ағартушылық және ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейту;
  • ақпараттық алаңда таратылатын этносаралық қатынастар саласындағы теріс дүниетанымдық көзқарастарды бейтараптандыру мақсатында халық арасында Ассамблея институттарының, достық үйлерінің, мемлекеттік органдар мен мекемелердің ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысын іске асыру;
  • қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту мақсатында Ассамблея институттарының мемлекеттік органдармен және өзге де қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылының жаңа тетіктерін енгізу жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;
  • жұмысты жүйелендіру және қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту тетігі ретінде Ассамблеяның этносаралық қатынастарды нығайтудағы, әлеуметтік саладағы қайырымдылықты, медиацияны, волонтерлікті дамытуға жәрдемдесудегі рөлін күшейту;
  • Ассамблеяның қоғамдық сананы жаңғырту басымдықтарын іске асыру, қоғамда прогрессивті адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру жөніндегі қызметін жетілдіру.
 
Құжаттың толық мәтінімен мына жерде танысуға болады. 
 
Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны