01.12.2022, 18:08 40031

Президент 2023-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бюджет туралы заңды бекітті

Президент 2023-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бюджет туралы заңды бекітті
Астана. 1 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "2023 - 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
 
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қазақстандық парламентшілер үш жылға арналған бюджетті мақұлдаған болатын.
 

Бұл құжатқа Сенат жалпы сомасы 71,8 млрд теңге болатын 57 түзету енгізді. Оның ішінде 2023 жылы 30 млрд теңге, 2024 жылы 29 млрд теңге, 2025 жылы 12,8 млрд теңге көзделген. Аталған шығындар автомобиль жолдарын дамытуға, халықты ауызсумен, табиғи газбен қамтамасыз етуге және өңірлерді қолдауға бағытталмақ. Сенат енгізген түзетулер репсубликалыө бюджет жобасының теңгерімділік өлшемшарттарына қайшы емес және Қазақстан экономкиасын әрі қарай дамытып, мемлекет басшысы қойған тапсырмаларды іске асыруға бағытталған", - деді Анатолий Бойчин.

 
Палата депутаттары аталған түзетулерді мақұлдау жөнінде қаулы қабылдады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны