02.03.2021, 18:39 9245

2025 жылдың соңына дейін 487 құрылыс және 600-ден астам алғашқы медициналық көмек көрсету объектілерін күрделі жөндеу жоспарланған

Қабылданып жатқан шаралар, әсіресе, ауылдық елді мекендерді алғашқы медициналық көмекпен қамтуды едәуір кеңейтуге мүмкіндік береді.
Нұр-Сұлтан. 2 наурыз. Kazakhstan Today - ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында медициналық-санитариялық алғашқы көмекті (МСАК) дамыту жөніндегі шаралар қаралды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында Үкіметке медициналық алғашқы көмекті ұйымдастырудың тәсілдерін түбегейлі қайта қарауды тапсырды. Халықтың басым көпшілігіне, әсіресе ауылды жерлерде мобильділік пен қолжетімділік аса қажет. Бұл міндеттер "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасында белгіленген", — деді А. Мамин. 

 
Премьер-Министр Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарындағы амбулаториялық-емханалық нысандарды техникалық жабдықтау деңгейінің төмендігі мен ғимараттардың тозуын атап өтті. 
 
Үкімет басшысы ауылдарға жұмысқа белсенді тарту және жас медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдау қажеттігін атап өтті. Мысал ретінде Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Атырау облыстарындағы осындай жұмыстың оң тәжірибесін келтірді. 
 

2025 жылдың соңына дейін 487 объектіні салу жоспарланған. Сонымен қатар 600-ден астам алғашқы медициналық көмек көрсету объектілерін күрделі жөндеуден өткізу қажет. Қабылданып жатқан шаралар, әсіресе, ауылдық елді мекендерді алғашқы медициналық көмекпен қамтуды едәуір кеңейтуге мүмкіндік береді", — деді А. Мамин. 

 
Үкімет басшысы өңірлердің әкімдеріне бір ай мерзімде Денсаулық сақтау министрлігіне жылдар мен елді мекендер бойынша бөлінген алғашқы денсаулық сақтау объектілерінің инфрақұрылымын дамытудың жол картасын әзірлеп, жолдауды тапсырды. 
 
Әкімдіктерге Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, өңірлерде жаңа учаскелер ашу, жеке секторды дамыту және тарту арқылы МСАК дәрігерлерінің жүктемесін азайтуды қамтамасыз ету, сондай-ақ жас медицина қызметкерлерін, әсіресе ауылға жұмысқа келген жас мамандарды материалдық ынталандыру шараларын қабылдау тапсырылды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны