27.09.2022, 15:17 21611

Президенттің кезектен тыс сайлауына 20,5 млрд теңге бөлінеді

Ақша үкіметтік резервтен бөлінетін болады.
АСТАНА. 27 ҚЫРКҮЙЕК - Қазақстан Президентін кезектен тыс сайлау науқанына 20,5 млрд теңге бөлу мақұлданды. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін Премьер-Министрдің орынбасары–Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты.
 
Бүгінгі Үкімет отырысынан кейін тілшілер министрден Орталық сайлау комиссиясының алдағы сайлау науқанын өткізуге қажет 20,5 млрд теңге өтінімі жайлы сұрады.
 
Өз кезегінде Қаржы министрі бұл сұраққа қысқа жауап берді.
 

Иә, мақұлдады", - деді Ерұлан Жамаубаев.

 
Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл 8 қыркүйекте Қаржы министрінің орынбасары Татьяна Савельева Қазақстан президентін кезектен сайлау науқанына шамамен 20 млрд теңге қажет екенін айтқан еді.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы 20 қарашада өтеді.

1 қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы күзде кезектен тыс президенттік сайлау өткізуді ұсынған болатын. Ол Президент өкілеттігі мерзімдерінің санын және ұзақтығын қайта қарау қажет деген байламға келгенін айтты. 

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Мәжілістің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауын келесі жылдың бірінші жартысында өткізуді ұсынады. 

17 қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, онда Конституцияда Республика Президенті өкілеттігінің бір мәрте жеті жылдық мерзімін белгілеу көзделген. 
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны