13.01.2022, 14:37 12561

ҰҚШҰ Бас хатшысы: 23 қаңтарға дейін ҰҚШҰ бітімгерлері Қазақстаннан кетеді

Бүгін Станислав Зась Алматыға барады.
НҰР-СҰЛТАН. 13 ҚАҢТАР - Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының бітімгерлері Қазақстан аумағынан 10 күн ішінде кетеді. 
 
Яғни, бітімгерлік контингент 23 қаңтарға дейін елден толық шығарылады. Әскерилерді шығару дәл бүгін басталады. Бұл туралы "Хабар 24" арнасына берген сұхбатында ұйымның бас хатшысы Станислав Зась мәлімдеген болатын. Елімізге бас-аяғы екі мыңдай бітімгер келген. 
 
Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының күштері Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларына шоғырландырылған. Бүгін Станислав Зась Алматыға барып, Ұжымдық бітімгерлік күштерінің командирі, генерал-полковник Андрей Сердюковпен кездесіп, пәрмен беру бекеті мен бітімгерлер орналасқан жерлерге барады. 
 

Біз бітімгерлік операцияларды аяқтап жатырмыз. Кешелі бері бітімгерлер күзетіп тұрған нысандарды жергілікті күштік құрылымдарға қайтарып жатырмыз", - деді мәлімдемесінде Станислав Зась. 

 
Яғни бүгін салтанатты шара өтіп, бітімгерлік контингент жауынгерлері кезең-кезеңмен шығарыла бастайды.

11 қаңтарда Қазақстан Президенті ҰҚШҰ-ның елдегі негізгі миссиясы аяқталғанын, екі күннен кейін әскерлерді шығару басталатынын мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, бортында Ресей әскери контингенті бар алғашқы ұшақтар Қазақстанға 6 қаңтарда қонған болатын. Олардың соңынан Армения, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстаннан бітімгершілік контингенттері жедел келді. Бітімгершілік контингентінің жалпы саны екі мыңнан астам адамды құрайды.
 
Ақпарат көзі: 24.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны