30.09.2021, 21:13 35983

Қазақстанда 50 млн теңгеден басталатын жылжымайтын мүлікпен жасалатын мәмілелер тексерілетін болады

НҰР-СҰЛТАН. 30 ҚЫРКҮЙЕК - Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түзетулерді мақұлдады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар бойынша тексеру жүргізу үшін шекті мәндерді 200 млн теңгеден 50 млн теңгеге дейін төмендету жоспарлануда.
 

Бізде орта есеппен заңдастыру немесе терроризмді қаржыландыру кезінде жылжымайтын мүлікпен немесе басқалармен жасалатын мәмілелер әлдеқайда төмен, әртүрлі өңірлерде тұрғын үй құны да өте жоғары емес. Сондықтан бұл төмендеу барлық операцияларды неғұрлым жедел мониторингілеуге, күдікті операцияларды анықтауға мүмкіндік береді және қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыру бойынша жоғары тәуекелдерді төмендетеді", - деп атап өтті депутат Сергей Симонов.

 
Оның айтуынша, Ресей Федерациясында жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар бойынша ең төменгі шек шамамен 18 млн теңгені құрайды, Беларусьте жеке тұлғалар үшін - 9 млн-нан сәл артық, ЖК үшін - 97 млн, Арменияда - шамамен 43 млн теңге.
 
Бұдан басқа, өзгерістер бәс тігу нәтижелері бойынша ұтыстарды қолма-қол нысанда тексеруге қатысты болады, ойын мекемелерінде - тексеру шегі 3 млн-нан 1 млн теңгеге дейін төмендетіледі.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны